27 Мамыр, 2020 NEWS
tengrinews.kz
Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып.
"Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") бойынша айыпты деп танылды. Соттың үкімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", - деді №2 соттың судьясы Нұрлан Қайырбеков.
Cондай-ақ, сот үкімімен экс-әкімге көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынды. Бұдан бөлек ол 100 сағат уақыт қоғамдық еңбекке жұмылуға міндеттелді.
Оған қоса Бақауов 10 мың долларды қайтаруға міндеттелді.
Еске салайық, биыл қаңтарда Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ұсталып, үй қамауына алынғаны хабарланған еді. ҰҚК 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізген болатын. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және оның салдары ауыр болды деген айып тағылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір