12 Мамыр, 2020 NEWS
Нью-Йорк Таймс
Ақ үй қызметкерлеріне бетперде кию бұйырылды. Бұл туралы Қамшы тілшісі Нью-Йорк Таймсқа сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп брифингте Ақ үйге батыс қанатынан кірген қызметкерлер бетперде киюге бұйырылғанын мәлімдеді.
Ақ үйдің кадрлар кеңсесі қызметкерлердің әрдайым бет-жүздерін жауып отыруы керек екенін ескерткен. Президенттің брифингтегі мәліметі бойынша, қызметкерлер жұмыс үстелінде отырып, әріптестерінен арақашықтық болғанда ғана масканы шешуіне болады.
Бұл нұсқаулық вице-президент Майк Пенстің көмекшісі мен Трамптың дәрігері ауырып қалғаннан кейін айтылды.
Трамп бұл саясатты қатаң талап ететінін ескертті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір