30 Сәуір, 2020 NEWS
qamshy.kz
Алматыда бақылау-өткізу пунктінде полиция қызметкерін қағып кетті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz дерегін негізге алып хабарлайды.
"Оқиға 30 сәуірде Алматы қаласының Медеу ауданында болған. "BMW" маркалы көліктің жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, №13 бақылау-өткізу пунктінде қызмет етіп тұрған полиция қызметкерін соққан" делінген департамент таратқан хабарламада.
Полиция қызметкері жарақат алмаған. Көлік жүргізушісі 1943 жылы туған А. есімді ер адам. Оқиға болған жерде жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.
Соқтығысу фактісін тергеуді Медеу ауданының полиция басқармасы (ПБ) әкімшілік-тәжірибелік бөлімі жүргізеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір