22 Сәуір, 2020 Экономика
The Guardian
БҰҰ 265 миллион адам коронавирустың салдарынан болатын аштықтан зардап шегуі мүмкін екенін ескертті. "Біз ашаршылық өте ауқымды болуы мүмкін деп алаңдаймыз" деді БҰҰ-ның азық-түлік өнімдерін жеңілдету жөніндегі агенттігінің басшысы Дэвид Бисли британдық Guardian газетіне.
– COVID-19 дамушы елдерде де жаппай таралуда, бірақ оның таралу жылдамдығын нақты өлшеу қиын. Дамушы елдердің денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігі, пандемиядан кейінгі экономикалық ресурстарға үлкен күйзеліс әкелуі мүмкін. Қазіргі пандемия енді аштық пандемиясын туғызады. Бұл – гуманитарлық және азық-түліктік апат, – деді Бисли.
Ол сонымен қатар 2020 жыл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауыр жыл болатынын айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір