20 Сәуір, 2020 Саясат
facebook.com
19 сәуір күні төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратты деген күтікпен қамауға алынған медиакәсіпкер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің экс-мүшесі Арман Шораев босатылды. Бұл туралы оның адвокаты Джохан Утебеков хабарлады.
"Біз ІІМ-ден шықтық. Барлығы жақсы! Арманды қамауға алмайды. Оны қолхат бойынша босатуға қол жеткіздік. Қолдау көрсеткендерге көп рахмет!" делінген адвокаттың facebook-тегі жазбасында.
Арман Шораев ешқайда шықпау туралы қолхатпен шығарылған. Бұл – сотқа дейінгі тергеудің кезекті кезеңі. Тергеу амалдары аясында оны кез келген уақытта шақыруы мүмкін.
Бұған дейін медиакәсіпкер Арман Шораев пен қоғам белсендісі Әлнұр Илияшевтың төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратты деген күтікпен қамауға алынғаны хабарланған.
Тағы оқыңыз!
♦ Марғұлан Сейсембай: Менің ізіме түскенге ұқсайды
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір