13 Сәуір, 2020 NEWS
Qamshy.kz
Мағрипа Шөжеғұлқызы Жылқыбаева (13.04.1945-24.02.2019) 1945 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Жамбыл ауылындағы мектепті 1964 жылы медальмен бітірген алғашқы үздік түлек. 1969 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін тәмамдаған. Радиацияның әсерін зерттеу проблемасымен байланысты «Исследование природы центров окраски в оптических кристаллах кальцита (CaCO3)» деген тақырыптағы диссертациясын 1981 жылы Томск мемлекеттік университеті, Сібір физика-техникалық институында қорғап, «физика-математика ғылымдарының кандидаты» деген атақ алған. 1991 жылы 29 қарашада Москвада Мағрипа Жылқыбаеваға физикадан «доцент» ғылыми атағы беріледі.
Мағрипа Жылқыбаева — оптикалық кристалдарға радиацияның әсері жайында кешенді зерттеу жүргізген әлемдегі тұңғыш ғалым. Осы ғылыми еңбек қорғалған кезден бергі уақыт аралығында В.А. Федоров, Т.Н. Плужникова, Р.А. Кириллов, О.П. Матвеева, И.В. Нефедова, Е.Ф. Полисадова, В.И. Корепанов, т.б. жаратылыстану салаларындағы ғалымдар Мағрипа Жылқыбаеваның еңбегі негізінде зерттеулер жүргізіп, өздерінің ғылыми жұмыстарына, диссертацияларына ғалым еңбегін арқау еткен.
Мағрипа Жылқыбаева 1974-1994 жылдар аралығында физика саласына қатысты бүкілодақтық ғылыми жиындарда баяндамалар жасап, конференция жинақтарына мақалалары енгізілген. Атап айтсақ, Таллин, Москва, Ленинград, Томск, Александров, т.б қалаларда өткен ғылыми конференцияларға бірнеше реттен қатысқан. Ғылыми-педагогикалық жұмысы кезінде түрлі грамоталармен марапатталған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында 1995 жылға дейін ұстаздық қызмет атқарған ғалым техникалық ЖОО-на арналған «Жалпы физика курсының есептері. Оқу құралы» (Алматы: 1992), «Айналадағы радиация» (Алматы: 1990) сияқты физика саласындағы ғылыми кітаптардың, бірнеше оқу-әдістемелік құралдың авторы. Радиацияның кристалдарға әсері жайындағы жұмыстары бойынша 2 патенттің иесі.
Мағрипа Жылқыбаеваның жаратылыстану ғылымдары бойынша көпшілікке арналған зерттеу мақалалары мен әдебиет саласындағы дүниелері әр жылдары Алматы облыстық «Қазақ тілі қоғамының» «Ақиқат» газетінде, «Білім және еңбек» (Зерде), «Жұлдыз», «Алматы ақшамы», «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан), «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» (Жас алаш), «Ақиқат», «Ана тілі», «Қазақстан әйелдері», «Қазақстан–Заман», «Түркі әлемі», «Азия», «Жас Қазақ», «Жетісу», «Денсаулық», «Шалқар», «Ара», «Арай», «Ақ босаға», «Тарлан», «Айқын», «Өркен», «Қазақстан мұғалімі», «Айт», «Қазақстан мектебі», «Ақиқат» журналы тәрізді республикалық және халықаралық басылым беттерінде жарияланған.
1993 жылға дейін «Қазақ радиосының» әдеби хабарлар, жастар редакциясы арқылы әдеби, публицистикалық әңгімелері беріліп тұрған. Қазақстан Жазушылар Одағының «Найзагер» сатирик қаламгерлер қауымдастығының мүшесі болған (мүшелік билет №6, 1993 жыл) ғалым-қаламгердің публицистиканың сатира жанры бойынша жазған шығармалары «Ара», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қазақстан-Заман», «Қазақстан мұғалімі» т.б. газет-журналдарда басылды, қазір де республикалық ақпарат құралдарының сатира қосымшаларында жариялануда. 1986 жылы бір топ сатирик жазушылардың еңбектері топтастырылған «Қисық шеге» деп аталатын жинаққа Мағрипа Шөжеғұлқызының сықақ әңгімелері мен мысалдары енген. 2019 жылы «Мерей» баспасынан сатирик қаламгердің «Жалғасы бар ұтыс» деп аталатын сатиралық шығармалар жинағы жарық көрді.
Мағрипа Жылқыбаева — Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жылға жуық уақыт зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан әлемдегі тұңғыш физик. 1989 жылдан бастап Алтын адамның күміс зереншесіндегі жазуларын оптикалық әдістер арқылы зерттеумен айналысқан ғалым Алтын адам жазуында көрсетілген нұсқау бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде сақталған жартастағы петроглифтер мен Будда жазуларын, шет елдердегі көне мұраларды да зерттеп, таңбалар расшифровкасын жасады.
Мағрипа Жылқыбаеваның Алтын адам жазуын зерттеу нәтижесінде ашқан ғылыми жаңалықтары түрлі ғылыми жиындарда, конференцияларда баяндалды. Мәселен, 2009 жылы «Түркі әлемінің қазіргі өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Ұмай ананың құпиясы» деген тақырыптағы баяндамасы ғалымдардың назарына ұсынылып, ғылыми жинаққа енгізілген.
Мағрипа Жылқыбаева қазақтың атын әлемге танытқан ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың елге беймәлім болып келген құпия қырларын ғылыми тұрғыдан зерттеген республикадағы жалғыз жаратылыстанушы ғалым. 1993 жылы «Ана тілі» баспасынан шыққан «Қазақ бақсы-балгерлері» деп аталатын жинаққа ғалымның Жамбылдың ерекше қабілеті жайында жазылған «Құпия күш құдіреті» деп аталатын мақаласы енген.
Мағрипа Жылқыбаева халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі (1991 жыл). Кеңес Үкіметі кезінен бастап елімізде қазақ тілінің өркен жаюы үшін тер төгіп еңбек еткен қайраткердің бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Алматы қаласындағы №128 орыс мектебінің таза қазақ мектебі болуы үшін ата-аналарды ұйымдастырып, тиісті мекемелерге хаттар жазып, мемлекеттік тіл іргесінің беріктенуіне үлес қосқан ғалым. Қазақ тілі отаршылдық идеологияның ықпалында болған кезеңде Мағрипа Жылқыбаева В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында декан орынбасары қызметін атқара жүріп, аталмыш оқу орнында қазақтың атақты ақын-жазушыларымен студенттердің шығармашылық кездесулерін жиі-жиі ұйымдастырып, ұлт руханиятын игерген саналы ұрпақтың қалыптасуына зор еңбек сіңіру арқылы ел есінде қалды.
Назарларыңызға ғалымның Алтын адам жазуы бойынша зерттеу мақаласын ұсынамыз.
Маин Ер Түріктің тегі
Атауы жалпыға танымал Көк Түрік пен Хара Түрік, Сары түрік, Ахали Түрік, Мэсхэт Түріктің қатарында Маин Түркі де бар. Бұлар еуропалық бөлікте жүрген соң біздегі халыққа осы Маин Ер атауы неміске тән секілді көрінеді. Бұныңыз ел мен жерді танудағы қателік. Әйтпесе сол Маин Ердің шыққан тегі мынау Мойынқұм өлкесі. Бүгінде Мойынқұм деп бұрмалап алған қазақша атаудың сонау Хұн дәуіріндегісі Маин Хумаи Аити болған. Бұл кезеңдегі Куш империясын Маин Ер Түрік басқарған. Оның территориясы біздегі Түркістан жерінен Оңтүстікке қарай басталғанда ең сыртқы шетінде Эфиопия мемлекеті болды. Мінеки, баяғы Куш Ата кезіндегі Куш империясынан Африкада қалған бір жұрнағы осы Эфиопия. Оның Орталық Азиядағы туысы — Түркістан мен Түркменстан. Осындағы Куш ХАААНдығының орны қазірде Кушка аталуда. Дұрысы Кушха болуы керек. Түркі атауын «біздің эрадағы алтыншы ғасырда пайда болды» деп, келе-келе Еуропа мен Россияға жағымпазданудың шегі асқан мынау кезеңде біздегі археолог ғалымдар Маин Ердің қорғанын быт-шыт етті, әнеки.
Қысқаша Майнер деп кеткен үлкен Харияның шынайы есімі Маин Тууу Рухти Ер. Осы Маин Турухтан туылған ұлдың бәрі түгел Маинер тобына жатыпты. Жер планетаның Мұз дәуірінде олар барып ашқан бірінші тыңның қай-қайсысы да Маин Ер атауындағы. Содан біреуі қазіргі тілде — Франк Пурутка Маинер. Немістер бұны сәл бұрмалап атағанымен ерте замандағы топоним белгісі қаз-қалпында сақталды десек те болады. Қайта біздің жердегі Маин үлестері танымастай өзгеріп болған. Содан біреуін басы бүтін осы сәтте өшірдік. Кеңес кезінен аман өткен Пурутхи жері біздегі егемендік сәтте өз атуын жойды, әне. Оның қасында бұрыннан болған Ақ бұлақ атауы енді келіп Пуруткиге қоса жапсырылды. Іліми сауатсыздық дегенің осы.
Алматы облысындағы Пурутки жері сонау Мұз дәуірінде атауын алған.
ПИПАТШАТИ РАААТИТИТИ АҢГОООРИБАИТИ ПУРУТХИ АТИТИТИ НАИСАҢАТИМТИТИТИ МАИН ТУУУ РУХТИТИТИ АНАГАМТИТИТИ... Қысқаша айтқанда: ПИПАРАҢГ ПУРУТИ НА МАИНАТИ болған. Германиядағы қазіргі Франкфурт На Майне дәп осылай аталған ең көне иелік. Маин Ердің атын ашық ұстаған бір иелігі осы.
Маин Түріктің басқа түріктерден ерекше артықшылығы бұл Куш Атаға бірінші ҚҰРАН аяттарының сонау Мұз дәуірінде Аспан үстінен берілгенінде. Барлығы 196 АИ АТИТИТИ текстерін шифрлы түрде кепкен қайыңның қабығына көк түсті сиямен жазыпты. Бәрін бірге бір бума етіп буып, үнемі арқалап жүрген Куш Атаның екі жауырыны содан қажалып бітеді. Аяп кеткен Хұдай бір күні сол БУУУМАГАТИ теңін Куш Атаның арқасында өртеп жіберген. «Бұдан қағазға түсіп үлгергені тек 49 Аяты ғана» деп, Көк Түрік Баба жазған. Сол 49 АИАТИды Арапча таңбалармен ешкінің жарғағына Көк Түрік Баба өзі жазыпты.
Осы 49 АИАТИдың бәрі Хитааапти ішіне түскенде бұл тері Кітаптың орташа салмағы 41 кило болған. Соны Оңтүстіктегі бір ұрпағы осы кезге дейін әкеден балаға бере жүріп, мынау егемендік сәтке де аман жеткізіп еді. Қазақ ғалымдарына берген соң бұл ҚҰРАН ХАААРИМның қайда кеткені бүгінде белгісіз. Әлем бойынша сиямен жазылған алғашқы ҚҰРАН АИАТИ түрлері осы! МАИН ТУУУ РУХ — Куш Атадан қалған бұл 49 АИАТИдың ішкі шифры ашылса кешегі А.Эйнштэйн өмір бойы іздеп өткен Өріс теориясының бір тармағы шығады. Мінеки, Маин Ер Түріктің өзгелерден басты айырмасы осында. Ол Ата он алты ғасыр бойы үзбей арқалаған Бууумагати теңі арқасында тұрып өртенген орында қазір Баба Түкті Шашты Азиз жатыр.
Бұл орын анау Мойынқұмнан қанша қашықта екенін Сайрамдықтар біледі. Жамбыл облысындағы Сайрамның өзі де бір кездегі Маин Ердің ерекше жұрты. Осында оның ХАААН сарайы болған. Солтүстік жарты шардағы ауыр зіл-заланың бәрі біздегі Үш Жүздің талай қаласын жер-қабатына жіберген ғой. Баяғыдағы Саирами қалашығы да сондай құрбанның бірі. Архелогтар жабыла қазған бүгінгі Мойнақ су электр станциясындағы территория да бір кездегі Маин Ердің Шах иелігі болған. Археологтар бұл жерден Шахтың белгісін таппаса оған Маин Ер Шах кінәлі емес, мынау кезең жауапты.
Жалпы алғанда қазіргі түркітанушылар ешбір түрік тұқымын танымай-ақ жағалай ғылыми атақ алып жүр. Маин Түрік тұрмақ жай Түрік атауына түсініктеме бере алмадық қой. «Түрік» сөзі қандай мағына береді? Осыны білмей тұрып, Көк Түрік пен Хара Түрікті қалай ажыратамыз? Айналып келгенде біз сөз танудан қалғанбыз. Бұл шындықты мойындау қажет. Шындықтан көрнеу қаша тұрып, сонымен бір мезгілде тарих шындығын іздейміз, ә? Өркениетті танығың келеді, ә?
Жаңа эрада бағы жанған еуропацентризм астында тұрып мәдениет пен өркениеттің тарихын тану мүмкін емес. Мысықтың тырнағында қысылып тұрған байқұс тышқан өзінің еркіндігін қалай сөз етпек? Тек қана өліп қалмаудың ілдалда тәсілін іздейді ол. Қазіргі адамзат дәп сондай тышқан күйде.
Бір өзінде үш түрлі алып күш жинақталған Еуропа — АҚШ жүйесінен жан біткен түгелдей қорқады. Қорқуға мәжбүр. Тарих шындығы осындай себептен де айтылмайды. Бұнымен қоса Діннің шындығы да жасырын. Жай ғана ілдалдамен діншіл болып жүрміз. Анау А.Эйнштейн Өріс теориясын босқа іздемеген-ді. Өріс теориясын білетін кісіге дәлдеп тұрып тікелей атқан мылтық оғы тимейді. Алғаш рет Жерге берілген 196 АИАТИдың бәрі де Өріс теориясының тарамдары. Маин Турух Баба оны жерге қоймай арқалап жүргені де содан. Оның кезіндегі алғашқы кісілер шетінен асқан оқымысты болып Аспан үстінен келген-ді. Солардың біреуі әлгі Бууумагати ішіндегі құпияны өзінің қара басы үшін қолданса жаман еді. Мінеки, Маин Түрік Баба бұл 196 АИАТИды сонша неге қорғап ұстағаны. Әлемге ортақ ғылымның күші ҚҰРАН Аиатында екені сол Мұз дәуіріндегі бірінші тұрғындарға ғана жете белгілі болған. Жердегілерге керек ғылымның фундаменті сол кезеңде қаланған соң мынау жаңа эрадағы техникалық прогресс жылдам іске асты.
Мағрипа Жылқыбаева,
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Алтын адамның күміс зереншедегі жазуының шифрын ашқан ғалым
19 Қараша 2009 жыл
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір