• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 22:05:11
Алматы
+12°

18 Шілде, 2013 NEWS

Ахметбек Нұрсила. Екеуіне де Абай атам кінәлі

Екі айрыққа тірелген, жолаушыдай адасқан,

 

Екі айрыққа тірелген, жолаушыдай адасқан,

Екі ойлы болып жүремін, жүрек пен миым таласқан.

Екі адам өмір сүруде бір денеде болғанмен

Екі талай дүние, кімдерге осы жараскан...

 

Осы өлеңді осыдан 10 жылға жуық бұрын жазып едім.

Өзіммен өзім соғысып, не жеңбей, не жеңілмей “итжығыс” болып жүргеніме, міне содан бері,  “жөргектегі баланың  ойынын тастап, боз бала болатындай,

боз баланың жалынды жасқа айналатындай,  қарасақалдың ақсақал болатындай,”  ыржың- қылжыңмен,  өсек - аяңмен, достар мен ағайындармен тартысып -жұлысумен, күйкі тірлікпен, ішіп - жеуге мәз болумен   он жыл да өте шығыпты!

1980 жылдары қияалдаушы едім:

“Шіркін Семейден бір үш комнаталы квартираға қолым жетсе ғой,  содан цех бастығы болып алсам, содан пенсияға шықсам, кәртейгенде бір дача салып алып сонда көршілермен сыра ішіп, домино мен қарта ойнап, моншама түсіп, бақшамды шұқылап өмірімді өткізсем, содан артық қандай бақыт керек” деп!

«Адам баласына  осыдан артық  қандай бақыт керек?» деген пәлсәпа қиялым  “Соц лагерь” деген түрмеден шықпаған, көр соқыр бейбақтың, “Қожайынның тастаған сүйек -саяғы мен жуындысын ішетін қара төбеттің қиялындай  ғана пәлсәпә ” екенін құдайға шүкір басында қалы бар  тақырбас   “Соц лагерді” әдейі ме, әлде  өзі не істегенін байқамай қалды ма,  әйтеу  құлаған  соң түсіндім!

 

Әкейден берілген пысықтық пен жұмыскерліктің жұрнағының арқасында 1997  жылдары көп елден бұрын, ата - бабам бармақ түгіл армандап та көрмеген  Германия, Италияға барып, сондағы өмірді көріп:

“Не деген сорлы халықпыз, бізді Алла тағала неге осынша жазалады екен? Мыналар пейіште, біз тозақта өмір сүріп жатыр екенбіз ғой” деп жылап, өмірден түңіліп, құлазып қайтқаным есімде.   Павлодарда 10 қабаттағы балконнан  сүреңсіз аулаға, тозған темір гараждарға қарап тұрып, көз алдыма Рим мен Франкфурт елестеп, “Шіркін біздің Қазақстанда қашан сондай өмір болады екен” деп қияалдап, көзім буланғаны әлі есімде.

 

Сол жылдары Алаштың ардақтысы Мағжанның  “Мен жастарға сенемін” деген өлеңін оқып,  “ Мағжан айтып отырған ЖАС  нағыз мен емеспін бе? Маған қаратып айтып отыр ғой Мағжан бабам!! Советтің шынжыры өзінен өзі шіріп түсіп қалды, қолым да бос, аяғым да бос, енді Алаш атын аспанға мен шығармағанда кім шығарады”  деп  сілкініп, талай түндер тәтті қиялдардың құшағында, ұйқыға кеткенше жоспар құрып жататын түндерім көп еді!

Бірақ ол қияалдар сол қиял күйі қала берді, күндер жылжып, айлар сырғып өте берді...

1990 жылдары Абайға бас қойып оқып, өзімше іздене бастадым.  Өмірдің мәні неде деген сұрақтар қайта мазалай бастады.

“Мені мен менікінің айрылғанын,

Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес”  деген өлеңінің пәлсапасын түсіне алмай, түсіндіретін адам таба алмай, әркімнен бір сұрап сандалғаным бар еді. “Неге жалғыз Абай білгіш болады да, бар адамзат өңкей білмес болады” деп.

Сол өлеңнің жауабын Хакімнің басқа өлеңдерінен тауып “ Е, мені де Алла тағала төбемді тесік қылып жаратқан екен ау, менде де Абайды түсінетін сәуле бар екен ау” деп өзіме өзім бір риза болғаным есімде.

 

Содан алғашқылардың бірі болып, бизнеске бел шешіп кірісіп кеттік! Бизнес жайлы білім бізде ол кезде қайдан болсын??

1995 жылдан бастап бұрын нанша жейтін қазақша кітаптарды тастап, шетелден орыс тіліне аударылып жатқан: Менеджмент, Маркетинг, Реклама, Мотивация, Логистика дейсіз бе, бәрін шөлдеп жүрген түйе суатқа жеткендей күй кешіп, бас алмай сіміріп оқи бастадым. Өмірін күрес пен ізденумен өткізген, талай шаруалар істеп кеткен әлемдегі мықты деген адамдардың мемуарларын оқуға мүмкіндік туды!

 

Аса бай да емес, аса кедей де емес, не ішем, не жеймін дейтін жағдай өз басыма жасадым осы жылдары, шешем қолымда, ағайын-туғаныма қолымнан келгенше көмегімді тигіздім.  Неге екенін аса байлыққа құмарта алмадым!

Лев Толстой деген шал бір кездегі осы ел қызғанатындай бай болсам деген бір ниетімді быт-шыт қылып өлтіріп тастаған болатын. 

Бірақ осы өмірімнен еш ләззат ала алмадым, материялдық жағдайым жақсы болғанмен, ішімде ылғи ит өліп жатады! Өзіме өзім көңілім толмай, өзімді сатқындық жасап сатып кеткендей адамның кейпінде жүрдім.

 

 Осы күнде дейін екі ой маза бермей келеді: Екеуіне де Абай атам кінәлі:

Біріншісі:

«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның

бірі боласың».

 «Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған»

«Әрекет қыл, пайдасы көпке тисін» дейді.

 

Өзімше сілкініп: “Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап” әрекет етуді  жөн көріп іске кірісіп кеткім келеді.

“Жиған-терген білімімді жастарға үйретейін, ФБ деген керемет құрал шығыпты, сол арқылы маңайымдағыларға ықпал жасайын, қазақтың бай болып, білімді болып, мәдениетті болып алдыңғы қатарлы елдердің санатына кіруіне титтей де болса үлесімді қосайын” деп шештім. Ахмет Байтұрсын бабамның өсиеті қамшы болды.

 

Біраз тыртыңдап  та көрдім.

 

Сосын Екінші ой қылаң беріп қоймайды:

Екінші ой:

“Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып.

“Мұндай елден бойың тарт,Мен қажыдым, сен қажы!”

“Жай жүргенді уерд қылып, тыныш өлсеңші тегінде”

 

“Абай түзете алмаған Қазақты түзейтіндей, жол сілтейтіндей сен кім едің?!!!”- деген ой.

 

Осы екінші ой бел алып, жеңіп бара жатыр кейінгі кезде.

 

Оған себеп ФБ дағы төмендегідей тірліктер:

 

 Ахметбек Нұрсила АБАЙ АТАМ ТІРІЛІП КЕЛІП: БІЗДІҢ ӘЛІ МАЛ ДА БАҒА АЛМАЙ, ҚОЛӨНЕР ДЕ ҮЙРЕНЕ АЛМАЙ ЖҮРГЕНІМІЗДІ КӨРСЕ НЕ АЙТАР ЕДІ???

«…Құдай саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды» деген сөзін 10-қара сөзінде жеткізіп айтты.

Нағашыбай Есмырзаев Әрбір қазаққа "мал" тауып беретін билік керек алдымен..

АхметбекНұрсилаНагашыбайБилікмалтауыпберетінкім? Халық сонда мүгедек пе өздері малын таба алмайтын?

Нағашыбай Есмырзаев Халыққа мал табу керек деп тыраштанудың қажеті жоқ. Ұлтқа жұмыс істейтін билік бәрін де өзі ңстеп береді...

     Ахметбек НұрсилаЕңбек жоқ, харекет жоқ, қазақ кедей,

Тамақ аңдып қайтеді тентіремей?

Абай атамыз осылай сынап кеткен қазекемнің көбі әлі кедей!!

     Мен бір нәрсеге таңмын; Талай жастар; Қарызға деп, былайша көмектесіңізші деп ақша сұрап келеді, арланбайды! Енді мен ақша табудың жолын көрсетейін, көмектесейн десем теріс айналып тыңдағысы келмейді.

     Бейбіт Сарыбай Әй, аға-ай, әр заманда бір адам осылай шаршайды. Айналаңызда сізден он есе жағдайлылар жатыр ғой басын ауыртпай демалеееееп... Ал, сіз... не деуге болады.

                 

        ТЕНДЕР мен ТОЗАҚ

      

     Барша Қазақстандықтар “Параны алған адам да, берген адам да тозаққа барады” деген хадиске сенетіндер Тендерлерге қатынаспай қойса, егер қатынасса пара бермейміз деп бәрі бір кісідей бас тартса! Сонда тендерлер өтпей қалар еді!

   

Бауыржан Халиолла Армандауға болады...

         Ахметбек Нұрсила Бәріміз осылай отыра берсек әрине арман болады, ал егер бір кісідей Параға тойтарыс берсек ол ІС болады Бауыржан Халиолла!!!!!!

                        

Бауыржан Халиолла Аха,бізде "бір-ақ" адам тойтарыс бере алады, өкінішке орай ол "бір-ақ' адамның өзі параға белшесінен батып отыр....Сондықтан сілкініп ақыл айтудың қажеті жоқ....

Ахметбек НұрсилаКөптеген: Жоғары Оқу Орындарын: ЖОО ны КҚБ – «Керексіз Қағаз Береміз» деген сөзге , ВУЗ ды ВББ – «Выдаем Бесполезные Бумаги» деп өзгертсе деген ұсынысым бар. Бір дәптермен 5 жыл оқыған студенттерді көзімізбен көрді, Дипломы бар талай жастың, бөлменің көлемін шығара алмай қара терге түскеніне мына “шыққыр көзіміз” тағы талай рет куә болды!

Байқұс Ата –Ана! Қайран текке кеткен өмір! ( Сатып ала алмайтын, қайтып келмейтін уақыттар!). Қайран далаға шашылған қаражат!

 

Мен Абай атам айтқандай “Билік күші қолымда” бар адам болсам ЖОО ның 80% жауып тастар едім!!

Елімізге қанша пайда келер еді!!!

Ахмет Омирзаков Анау-мынау деп дауласудын баои бекер,барибир биздин билгирлигимиз кок тиынга турмайды,алемдик саясатты жургизип отыргандар биздин болашагымызды баягыда-ак шешип койган,ертен казактын бари акша тапкыш боп,гылым-билимнен ажырап калганда тусинесиндер барин...

Ал Ақберен бауырым: «Аха түңілмеңіз, ФБ-дағы Қазақ барлық Қазақ емес! Бұндағылар сөздің Қазағы, істің Қазағы ФБ-дан сыртта жүр» дейді! Сенейін бе? Сенбейін бе?

 

Жылауық емес, жалыны  әлі сөне  қоймаған, жігері әлі жаси қоймаған: Бай болсам, еліме септігімді тигізсем, мекеме ашсам деген жастарды қалай іздеп тауып, бастарын қоса аламын?

 

Ахметбек Нұрсила

 

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір