02 Сәуір, 2020 Әлем
foxnews.com
Пандемияның таралуымен қоса, әлемдік мұнай бағасының құлдырауы кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбіде Ресей мен Сауд Арабиясы басшыларының келіссөздеріне қосылуға дайын екенін айтты.
Президент Трамп сейсенбіде Ақүйде өткен брифингте мұнай бағасының күрт төмендеуі АҚШ энергетика саласына қауіп төндіретінін мәлім етті. Трамп оны Ресей мен Сауд Арабиясы келісіп істеп отыр деп есептейді.
Ол Ресей президенті Владимир Путинмен және Сауд мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен жеке-жеке «керемет» келіссөздер жүргізгенін айтты.
– Екі ел бұл мәселені талқылап жатыр, қажет болса, мен тиісті уақытта қосыламын, – деді Трамп.
Fox News дерегінше, айдың басында Ресеймен мұнай өндірісі мөлшеріне байланысты қайшылықты келіссөздерден кейін саудиялықтар мұнай бағасын күрт төмендеткен.
АҚШ президенті осы реткі мұнай бағасының құлдырауын 1950 жылдардағы жағдаймен салыстырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір