• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 22:23:10
Алматы
+12°

04 Шілде, 2013 NEWS

Ансар Мұсаханов Елбасыға сыйлықтан ат-тонын ала қашты

Естеріңізде болса, әз аналардың Елордасы Астананың, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне арнап, 73 метр сырмақ тіккенін хабарлағанбыз. Іле-шала, ҚР...

Естеріңізде болса, әз аналардың Елордасы Астананың, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне арнап, 73 метр сырмақ тіккенін хабарлағанбыз. Іле-шала, ҚР Президент әкімшілігінің жетекшісі К.Мәсімовтың, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құлмұхаммедтің, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың, Алматы облысының әкімі А.Мұсахановтың, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Байбектің назарына хат жазғанбыз(http://abai.kz/node/39957).

Осы аптаның басында шеберлер отбасына бас сұққан Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов пен Текелі қаласының жаңа әкімі Талғат  мырзалар маңдайы тершіп отырып, мұндай бағалы дүниеге таңдайларын қаққан екен.  Тіпті Гиннестің рекордтар кітабына жазылатын осындай еңбекті  Елордаға Алматы облысының атынан жеткізу керектігін де ескерткен.

Енді міне, 1 жыл бойы көз майларын тауысқан аналар еңбегі еш кетейін деп отыр. Осыған орай Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқановқа хабарласқанымызда, «Сырмақты өзіміз Елбасына тапсырамыз. Бірақ шеберлер бармайды» деген болатын. Жаңа ғана телефон шалып ұғыссақ, әкім-қаралар Елбасыға арналған сыйлықты Текелінің бір бұрышына жасыра тұруды жөн көріпті. Мемлекет басшысы Алматы облысына өзі келмейінше, біз апарып бере алмаймыз дейтін көрінеді.

Құдай-ау, бір жыл бойы көз майларын тауысып, қалталарынан қаражатын шығарып, қазақ елінің басшысына арнап тігілген дүниені Елордасына жеткізуге қауқары жетпесе, облыс әкімі не істеп отыр? Егер жеткізе алмаса, шеберлерге тиісті ақысын төлеп немесе ел сүйінетіндей сый жасаса ешкім қолын қақпайтын шығар?

Шындап келгенде, Елбасының көзіне түсіп қалуда жүрек айнитын әртүрлі қитұрқы дүниелермен емес, осындай ұлттық қолөнерге қолдау көрсетуден бастаса кім қой депті?

Ұрпаққа үлгі, Елбасына мақтаныш, Алматы облысына абырой әперетін осындай игі жұмыс қандай бағаға да лайық емес пе? Тіпті, әлемдік баспасөз Қазақстан шеберлері мемлекет басшыларының туған күніне айрықша сый жасады деп әспеттемей ме?

«Біз келер жылы 100 метр тігеміз» деп еді бір сөздерінде қос шебер. Ұлықтардың мынандай рухсыздығынан соң не айтамыз?

Masa.kz

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір