23 Наурыз, 2020 Әлем
Германия канцлері Ангела Меркель
Германия канцлері Ангела Меркель үй карантиніне жатқызылды. Бұл туралы Германия үкіметіне сілтеме жасаған бірқатар халықаралық БАҚ хабарлады.
Олардың жазуынша, Меркель карантинге жату туралы шешімді өзі қабылдаған. Өйткені оған екпе салған дәрігерден коронавирус табылған.
Германия – Covid-19 коронавирусынан қатты зардап шегіп жатқан елдердің бірі. Соңғы тәулікте бұл елде 1948 адамнан вирус табылып, жұқтырғандар саны 18 мыңнан асқан. Елде 58 адам вирустан көз жұмған.
Дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан, қаза тапқандар 13 мың адамнан асып кетті. Қазіргі таңда вирус 180-нен астам елге тарап үлгерді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір