• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:22:10
Алматы
+12°

Белорусьте коронавируспен ауырған алғашқы науқас тіркелді. Бұл туралы Беларусь Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған.

"27 ақпанда Республикалық эпидемиология және микробиология ғылыми-практикалық орталығында өткізілген сынақтар Ираннан келген 1 студенттің 2019-nCoV коронавирусын жұқтырғанын көрсетті", - деп жазған Беларусь Денсаулық сақтау министрлігі. 

Айта кетейік, Қытайда 78 824 адам коронавирус жұқтырған, оның ішінде қазіргі уақытта 39 919 адам ауырып жатыр (7 952 адамның жағдайы ауыр), 36 117 адам ауруханадан шығарылды және 2 788 адам қайтыс болды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, Қытайдан тыс жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 46 елде 3664 адамға жетті, 57 адам қайтыс болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір