• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 22:01:50
Алматы
+12°

27 Маусым, 2013 NEWS

73 метр қарала сырмақ. Кімге? Неге? Қайда? Қалай?

Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың,

Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың,

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхамметтің,

ҚР Президент әкімшілігінің жетекшісі К.Мәсімовтың,

Алматы облысының әкімі А.Мұсахановтың,

«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Байбектің назарына

 

 

Қытайдан келген қандастарымыз Елордамыз Астананың туған күніне арнап 73 метр қарала сырмақ тігіпті. Мұндай жағымды жаңалықты құлағы түрік қазақ баспасөзінің бәрі жарыса жазып, айтып жатыр. Дегенмен көз майын тауысқан ақ самайлы аналардың еңбегін кім бағалайды? Мұндай сырмақ не үшін керек? Талдықорғанның Текелісінен Астананың төріне кім жеткізеді?

Біздің білуімізше, бұл  тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзінде ең ұзын сырмақ. Яғни барша әлемге қалай паш етсек те жарасатын қазақ қолөнерінің   жаухары. Осы күнге дейін «Қаражорғаны», «Қара домбыраны», «Қазақ кестесін» гинестің рекордтар кітабына енгізіп, Қытай елі өзі абыройын асқақтатты... Біздікі не тұрыс?

Осындай керемет сырмақты дүниеге әкелуге бастамашы болған, 2010 жылы Атажұртқа оралған Зада Жұманқызының айтуынша, бұл – шетелдегі бар қазақтың және Атажұртына оралған барша ағайындардың Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына деген ыстық ықыласының, риясыз алғысының жемісі.

73 метр сырмақты тігуге атсалысқан Жазира Құрманғазықызының да айтары көп.  «Атажұртқа келудегі басты мақсатымыздың бірі – қазақ қолөнерін әлемге паш етіп, ұлт құндылықтарын ұрпаққа жалғастыру», - дейді ол.

Шындығында, мұндай еңбектің бағасы шексіз. Кеткен киізді, сабақталған жіпті, бәрінен де сүйел болған саусақты айтсаңызшы... Тіпті олардың әлі күнге меншікті баспаналары да жоқ көрінеді. Бар ықыластарын елге оралып, еңбектерін көрсетуге жұмсапты.

Иә, жоғарыда айттық. Мұндай жұмысты Қытайда мемлекет болып қолға алады. Министрлік қадағалайды. Әкім тікелей бас-көз болады. Ал, мынау дайын жұмыс. Тек соны бағалай алу, ақ самайлы аналарымыздың еңбегін еш кетірмей Астана төріне жеткізіп, Елбасының назарына ұсыну  мақала басында аты аталған лауазымды тұлғаларға сын.

Рсында, бар қазақтың Елордасының туған күніне қарала сырмақтан артық қандай сыйлық керек?

 Abai.kz

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір