• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:49:59
Алматы
+12°

Сенбі, 22 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірақатар елдің бірнеше елдегі елшілерін ауыстыру туралы жарлық етті. Тоқаевтың жарлықтарын Ақорда сайты хабарлады. 

Президент жарлығымен Самат Ордабаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен, Қазақстанның Молдовадағы елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды. Ордабаевтың орнына Украинадағы елшілік қызметке өткен жылдың желтоқсанында президент аппараты жетекшісінің орынбасары қызметінен босап қалған Дархан Қалетаев барды. 

Бұдан бөлек, Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі елшісі Айдарбек Тұматов Қазақстанның Ирактағы, Палестинадағы елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір