20 Ақпан, 2020 Айтты-ей, бауырың!
Ашық дереккөз
Президент Тоқаевтың саяси реформалары аяқсыз қалуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық кеңестің мүшесі, дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы өзінің facebook парақшасында жазды.
"Ұлттық кеңестің көтеріп, Тоқаевтың уәде еткен партия құруды жеңілдетуге, митингке қатысты саяси реформалары аяқсыз қалатын түрі бар.
Себебі митингке қатысты ұсынылып отырған заң жобасы және Жанболат Мамайдың партия құруына жасалып жатқан қысым осыны көрсетеді. Бұл жағдайда ұлттық кеңестің келесі отырысы болмауы да ықтимал.
Бақытжан Бұқарбай кеңес құрамынан шыққандығын, ал Арман Шораев шығуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Уәде етілген реформа болмаған жағдайда бұл тізім жалғаса беретіндігі сөзсіз", - деп жазды Қайрат Жолдыбайұлы.
Ұлттық кеңестен Бұқарбаев шығып, Тайжан жұмысын сынады (видео)
Ұлттық кеңестен Бұқарбаев шығып, Тайжан жұмысын сынады (видео)
Бұған дейін баспагер Бақытжан Бұқарбай Ұлттық кеңестен ресми түрде шыққанын мәлімдеген болатын. Ал ұлттық кеңестің тағы бір мүшесі Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында демократиялық және нарықтық реформалар басталмай жатып, соңы сиырқұйымшақтанып бара жатқанына алаңдаушылық білдірген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір