• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:58:22
Алматы
+12°

Қазақстанға танымал сазгер, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты  Тұрдықылыш Ізтаев 71 жасында бақилық болды. Бұл туралы Түркістан облысы Мәдениет басқармасы хабарлады.

"Бүгінгі күн қазақ халқы үшін қаралы күн. Маңдайға біткен тағы бір шоқ жұлдызынан айырылып қалды" делінген мәдениет басқармасының хабарламасында.

Тұрдықылыш Ізтаев 1949 жылы 30 маусымда Түркменстан республикасының Тахтабазар ауданында дүниеге келген. 

Өзінің еңбек жолын Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы институтта қызмет етумен бастаған. Бұл жерде 1968-1994 жылдар аралығында еңбегін өтеген.

Сазгер 20-дан астам әдістемелік жұмыстың авторы. Әндері "Махаббат-өмір" деген жеке альбом болып басылып шыққан. Оның ең атақты шығармаларының бірі "Нурикамал" әні. Бұл әннің сөзін өзінің жары Ханбибі Есенқарақызы жазған. Осылайша қос ғашықтың махаббатының нәтижесінде тыңдарманға жол тартқан әуезді ән барша қазақ халқын таңдай қақтырды. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір