• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:49:37
Алматы
+7°

6 ақпанда Маңғыстау облыстық сотында Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің бастығы Рашид Қуандықовтың "жала жапты" деген арызымен алты айға сотталған ақтаулық белсенді Жамбыл Көбейсінов пен оның әйелі Ділбар Бегжанованың ( алты айға бас бостандығынан шектелген) апелляциялық соты өтті. Облыстық соттың судьясы Азат Ізбасаров ерлі-зайыпталарға алғашқы сот отырысында шығарылған шешімді өзгерткен жоқ. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігіне ерлі-зайыптылардың сотына Алматыдан арнайы барып қатысқан белсенді Бесжан Төлеубек хабарлады. 

Оның сөзінше, судья ерлі-зайыптыларға алғаш шығарылған сот шешімі дұрыс екендігін айтып, оны өзгеріссіз қалдыруға үкім еткен. Ал судья шығарған үкімге келіспеген Көбейсінов пен Бегжановтың қолдаушылары наразылық білдіріп, сот залында "масқара" деп айқайлаған. 

Бесжан Төлеубектің айтуынша, сотқа Көбейсінов пен Бегжанованы қолдап жергілікті және Қазақстанның басқа аймақтарынан көптеген белсенді барған. Олар сот залына сыймағандықтан, тек он шақтысы ішке кіргізіліп, қалғандары сыртта қалған. Сот отырысында фото, видео түсіруге тыйым салынған.

Өткен жылы желтоқсанның 13-і күні Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық соты 35 жастағы жергілікті тұрғын Жамбыл Көбейсінов пен оның әйелі Ділбар Бегжанованы Қылмыстық кодекстің 130-бабының 2-тармағы ("бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдаланып жала жабу") бойынша айыпты деп таныған болатын. Ерлі-зайыптының үстінен сотқа Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің бастығы Рашид Қуандықов жеке шағым түсірген. Сот сол кезде Көбейсіновті жарты жылға абақтыға қамап, Бегжанованың бостандығын алты айға шектеуге үкім шығарған еді.

35 жастағы Жамбыл Көбейсінов - әлеуметтік желі арқылы билікті сынып, Қазақстандағы көп балалы отбасылардың, қазақ тілінің мәселесін көтерген белсенді. Жамбыл Көбейсінов пен Ділбар Бегжанованың алты баласы бар. Олар Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тұрады. Белсендінің Youtube желісінде арнасына 30 мыңа жуық адам жазылған. Көбейсінов ол арнасында жергілікті билік пен полицияның жұмыстарын сынап түсірген видеоларын жариялайтын. 

Өткен жылы 30 желтоқсанда құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина өзінің Facebook парақшасында Қазақстанда саяси тұтқандардың жаңартылған тізімін жариялады. Ол тізімде маңғыстаулы белсенді Жамбыл Көбейсінов та бар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір