• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 19:40:13
Алматы
+12°

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Valmont Industries" компаниясының жаһандық операциялар жөніндегі вице-президенті Роберт Гилленмен кездесті. Бұл туралы мегаполис басшысы Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Сонымен қатар кездесуде ирригациялық жүйеде зауыт салу мәселесі талқыланды. Өндірістік нысандар үшін орын мегаполистің индустриалдық аймағында іске асатын болады.

"Industries" компаниясының жаһандық операциялар жөніндегі вице-президенті Роберт Гилленмен кездесуде Алматы индустриалдық аймағында 50 миллион долларлық инвестициялық жобаны жүзеге асыруға келістік", делінген Бақытжан Сағынтаев жазбасында.

Қазіргі таңда Алматының индустриалдық аймағында 43 компания қжұмыстарын бастады, олардың 9-ы шет мемлекеттердің қатысумен іске асырылуда. Инвестицияның жалпы сомасы 181 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында 6,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылмақ.

8 кәсіпорын іске қосылып үлгерді, бүгінде инвестицияның  26,6 млрд теңгесіне  985 жұмыс орнын салу қолға алынуда.

 

 

 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы жаңа жоба

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір