• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:49:15
Алматы
+12°

Қазақстан бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іске түсінік берді.

- Прокурордың өкілеттігі Конституциямен және басқа да заңмен реттелген. Сотта прокурор өзінің қорытындысын жариялады, сол қорытындыға сәйкес терегу соты ол күдіктіні (Б.Бақауовты) екі ай мерзімге қамауға алды. Тергеу шаралары бақылауда тұр, - деді  Ахметжанов.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов 17 қаңтарда “жемқорлық күдігімен” екі айға қамауға алынды. Оған Қазақстанның Қылмыстық Кодексінің 362 бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Бұл бап өзіне және өзге азаматтар мен ұйым үшін пайда табу мақсатында қызметтік өкілетін асыра пайдалану дегенді білдіреді. Бақауововқа бұлтартпас шарасын қолдану туралы өткен сотта оның қызметін асыра пайдаланып, туысқанының компаниясының заң бұзғанын жасыру үшін салық органдарына қысым жасағаны айтылды. Бақауов бұл айыпты жоққа шығарған. 

Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі болып 2016 жылы наурызда тағайындалған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған соң Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бақауовты қызметінен бостып, 21 қаңтарда Павлодар облысына Әбілқайыр Ысқақовты әкім етіп тағайындаған болатын. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Болат Бақауов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір