16 Қаңтар, 2020 NEWS
Qamshy.kz
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы бүгін, 16 қаңтарда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК хабарлауынша, Бақауовқа лауазымдық "өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша іс қозғалған.
"ҰҚК 15 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 362-бап 2-бөлімінің 2-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іс - "қызметтік өкілетін асыра пайдалану" фактісі бойынша Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты жедел-тергеу шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Осы кезеңде толық деректерді тергеу мүддесіне байланысты жариялауға болмайды" делінген ҰҚК таратқан хабарламада.
Кеше кешке әлеуметтік желілерде Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Артынша, Бақауов емес, оның орынбасары Арыстан Қабикеновтың ұсталғаны хабарланды. Бүгін Павлодар облысының әкімінің баспасөз хатшысы журналистерге Болат Бақауовтың жұмысқа шыққанын айтқан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір