16 Қаңтар, 2020 NEWS
ratel.kz
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстан Қабикенов жұмыс кабинетінде журналистермен кездесіп, оның ұсталғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып.
"Шынымды айтсам, мен шок жағдайында болдым. "БАҚ туралы" заң аясында немесе адамгершілік танытып мен жайлы жазылған ақпараттарды терістеуін сұраймын. Көріп тұрғандарыңыздай, мен жұмыс істеп отырмын. Бірдеңе болады деген ойым түгіл түсіме кірген емес. Әкем қоңырау шалып, жағдайды айтқанда жағамды ұстадым. Тағы да айтамын, мен жұмыстамын. Кеше түркиялық инвесторлармен кездесіп, жобаның жай-жапсарын талқыладық" деген ол жұмыс режимі еш ауытқымастан жүріп жатқанын айтты.
Кеше кешке әлеуметтік желілерде Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Артынша, Бақауов емес, оның орынбасары Арыстан Қабикеновтың ұсталғаны хабарланды.
Бүгін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жұмысқа шықты делінді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір