12 Қаңтар, 2020 NEWS
bbc.com
Иран астанасы Тегеранда Әмір Қабыр атындағы технологиялық университет ғимаратының алдына мыңға жуық студент жиналып, елдегі жоғарғы көшбасшы аятоллы Әли Хаменейдің доғарысқа кетуін талап етті.
"Басқолбасшы кетсін" деп ұрандатқан студенттер ирандық әскерилердің Украина ұшағын кездейсоқ атып түсіргеніне наразы.
Шариф атындағы технологиялық университет студенттері де оқу орны ғимаратының алдында билікке қарсылықтарын білдіріп, акция өткізді. Ұшақ апатынан қайтыс болған 10 студент осы университетті бітірген.
Билік ереуілшілердің тарауын талап етіп, кейбірін ұстаған. Ұсталғандардың арасында Ұлыбританияның Ирандағы елшісі де бар.
Үкіметтік IRNA агенттігінің хабарлауынша, аятолла Хаменей ұшақ апатына себеп болған салғырттықты зерттеуге бұйрық берген.
Хаменей жіберілген қателіктің дәлелі барын, ендігәрі мұндай қайталанбас үшін шара қолдануды тапсырды.
Иран парламенті бүгін апат бойынша ашық отырыс өткізбек.
Президент Роухани болса, болған қайғылы оқиға Иранның қабырғасын қайыстыратынын мәлім етіп, кінәлілердің жазаланатынын айтты.
АҚШ президентті ереуілшілерді қолдап, туиттерде парсы тілінде жазба қалдырды. Ол ереуілшілердің "батылдығына шабыттанғанын" айтқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір