• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 16:32:13
Алматы
+12°

02 Қаңтар, 2020 NEWS

Шымбұлақта шаңғы тебу қанша тұрады? (инфографика)

Бүгін Шымбұлақ тау-шаңғы курортында тынығу, ол үшін не керектігі, шаңғы тебуге кететін қаражат көлемі, демалысты ұйымдастырудың арзан жолдары туралы жазамыз.

Фото: qamshy.kz

Шаңғы тебу үшін нені білу керек?

Шаңғымен сырғанау үшін екі нәрсе сатып алу керек.

Алғашқысы – шаңғы немесе сноубордтан бастап, шалбар, күрте, қолғап, шлем, көзәйнек сынды сырғанауға арналған жабдықтар. Шаңғы тебуге кететін шығынның көп я аз болуы осы қажетті жабдықтарға кететін қаражат көлеміне қарай анықталады. Аталған керек-жарақты Шымбұлақтың өзінен де, өзге жерлерден де алуға болады.

Екінші сатып алатыны – абонемент. Ол Медеу – Шымбұлақ арасын жалғайтын аспалы жолмен жүруге, түрлі деңгейдегі сырғанақтарда шаңғы тебуге мүмкіндік береді. Абонемент Шымбұлаққа апаратын аспалы жолға кіреберістегі кассаларда, Шымбұлақтың өзіндегі кассаларда және Шымбұлақ сайтында сатылады.

Керек-жарақты Шымбұлақтан алу қанша тұрады?

Шымбұлақ жабдықтардың бағасы арзан емес. Шаңғы тебуге арналған құрал-жабдықтарды жалдау 20 мың теңгеден басталады. Шымбұлақта қолғап жалға берілмейтінін ескерте кеткен жөн болар. Оны басқа жерден сатып я болмаса жалға алуға тура келеді.

Абонемент бағасы қай күні және қайдан алатыныңызға қарай әртүрлі болады. Мәселен, жұмыс күндері кассада 6500 теңге, сенбі, жексенбі күндері 9500 теңге тұрады. Ал Шымбұлақ сайтынан жұмыс күндері 6175 теңгеге, сенбі-жексенбіде 9025 теңгеге алуға болады.

Шаңғы тебуге арналған заттар мен абонементті қосқанда бір күндік демалысқа кем дегенде 27 000 – 30 000 теңге аралығында қаражат қажет.

Шаңғы тебудің арзан жолы

Сырғанауға арналған дәл осындай керек-жарақты шамамен үш есе арзан бағаға ұсынатын бірегей орын бар. Ол –  бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан Skadi дүкендер желісі. Бүгінде желінің 5 дүкенінде жазда – тауға жаяу немесе велосипедпен шығуға қажетті заттар, қыста – тауда сырғанауға арналған жабдықтар жалға беріледі. Келер жылы Өзбекстан мен Қырғызстан нарығына шығуды көздеп отыр.

а

Дүкендегі қызмет түрлерінің құны – қол жетімді. Жалға берілетін жабдықтар жаңа әрі сапалы. Киімдер таза, жеңіл, ықшам, жылы, су өткізбейді. Ұдайы бактерияға қарсы шаралар жасалып, киімнің тазалығына қатты мән беріледі. Шаңғы мен сноубордтың саналуан түрі бар. Дүкен басшылығы арзан бағада қызмет ұсыну арқылы қазақстандықтарды белсенді демалысқа баулуды мақсат еткен.

а

Skadi дүкендері ұсынатын сырғанауға арналған жабдықтардың толық комплекті (шаңғы немесе сноуборд, арнайы аяқ-киім, шалбар, күрте, қолғап, шлем, көзәйнек) 23 жасқа дейінгі студенттер үшін 5000 теңге, ересектер үшін – 7500 теңге тұрады. Оларды жеке-жеке жалға алуға да болады. Мәселен, шаңғы мен сноуборд арнайы аяқ-киіммен қоса бар болғаны 2000 теңге. Күрте мен шалбар да сол бағада. Шлем мен көзәйнек 1000 теңге, қолғап 500 теңге. Шаңғыға арналған таяқшалар тегін. Арнайы карта – скипастың құны 500 теңге. Скипасты аспалы жол кабиналарына кіргізетін, Шымбұлақ кіреберісіндегі және сырғанайтын орындардағы белтемірлерден өткізетін кілт десе болады.

а

Керек-жарақты алғаннан кейінгі келесі қадам – абонементке төлеу. Төлем жасау үшін Шымбұлақ сайтына кіріп, "сатып алу – абонементтер мен билеттер – күндізгі абонемент – абонемент саны" командаларын таңдау керек. WTP билет деген тұсқа скипастың бірегей номерін енгізіп, банк картасын тіркеп, абонементті сатып алу қажет.

а

Осылайша, Skadi дүкені арқылы шаңғымен сырғанауға жұмыс күндері 14 мың теңге, сенбі, жексенбіде 17 мың теңгеге жуық қаражат кетеді. Таңғы жеті жарым мен кешкі жеті жарым аралығында тауда тынығу осынша тұрады. Ал кешкі уақытта сырғанағысы келетіндер үшін арнайы абонемент бар. Ол тіпті арзан. 19:30 бен 23:00 аралығында сырғанау – 13500 теңге.

а

Дүкеннің таңғы 07:30-дан түнгі 01:00-ге дейін істейтіні сырғанауға ерте баратындар үшін де, кештетіп, жұмыстан кейін баратындарға да аса ыңғайлы. Дүкендердің орналасқан жері де жайлы. Мәселен, ірі дүкендердің бірі Dostyk Plaza сауда үйінің маңында, автобус аялдамаларының жанында орын тепкен. Дүкен маңындағы аялдамадан Медеуге қатынайтын №12 автобус әр 15 минут сайын жүреді. Медеуден ары қарай аспалы жол арқылы 20 минутта Шымбұлаққа жетуге болады.

Шымбұлақтағы тамақтанатын орындардағы баға қаладағыдан анағұрлым қымбат. Ақша үнемдегісі келген демалушылар өзімен бірге ыстық шай, тағам алып баруды жөн көреді.

а

Меліс Сейдахметов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір