• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:44:39
Алматы
+12°

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елдің Ресейдегі елшілігін басқарған Иманғали Тасмағамбетовтың қызметінен өз еркімен кеткенін айтты. Бұл туралы Тілеуберді бүгін, 19 желтоқсанда журналистерге береген сұхбатында мәлімдеді.

"Ол өз еркімен және зейнет жасына толғандықтан кетті. Менің түсінуім бойынша, ол енді Сыртқы істер министрлігі саласында қалмайды"– деді Тілеуберді. 

Кеше, 18 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарылығымен елдің Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қызметінен бостылған. Ақорданың ресми сайтына шыққан Тоқаевтың жарлығында Тасмағамбетовтың зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылғаны айтылды. 

Тасмағамбетов осы жылдың 9 желтоқсанында зейнет жасы - 63-ке толған. Ол Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бері жоғары биліктегі лауазымды қызметтерді атқарды. Ол Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен үш рет премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған, бір рет Қазақстанның премьер-министрі болған. Сонымен қатар Тасмағанбетов Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын, Атырау облысын басқарған. Президент әкімшілігінде басшы болып, мемлекеттік хатшы қызметін де атқарған. Екі жыл қорғаныс министрлігін басқарған. 2017 жылдан бері елшілік қызметте болды. 

2006 жылы Тасмағамбетов Алматы қаласында әкім болған тұрған кезде "Шаңырақ" оқиғасы орын алды.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір