• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:53:27
Алматы
+12°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт-Тоқаев елдің Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. Тоқаевтың жарлығы бүгін, 18 желтоқсанда Ақорда сайтында жарияланды.

Тоқаевтың жарлығында Тасмағамбетовтың қызметінен босатылуын зейнет жасына толуымен байланыстырған. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды" делінген Тоқаевтың жарлығында. 

Тасмағамбетовтың орнына Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып әлі ешкім тағайындалмады. 

Тасмағамбетов осы жылдың 9 желтоқсанында зейнет жасы - 63-ке толған. Ол Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бері жоғары биліктегі лауазымды қызметтерді атқарды. Ол Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен үш рет премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған, бір рет Қазақстанның премьер-министрі болған. Сонымен қатар Тасмағанбетов Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын, Атырау облысын басқарған. Президент әкімшілігінде басшы болып, мемлекеттік хатшы қызметін де атқарған. Екі жыл қорғаныс министрлігін басқарған. 2017 жылдан бері елшілік қызметте болды. 

2006 жылы Тасмағамбетов Алматы қаласында әкім болған тұрған кезде "Шаңырақ" оқиғасы орын алды.

Оқи отырыңыз:

♦ Саяси элита серкелерімен қош айтысу технологиясы Тасмағамбетовке де қолданыла ма?

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір