08 Қараша, 2024 NEWS
Wanderlust Reader Travel Awards рейтингінде Қазақстан үздік бестікке енді
Жыл сайынғы беделді Wanderlust Reader Travel Awards нәтижелері жарияланды. Қазақстан «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында көшбасшылардың бестігін түйіндеді.
Ашық дереккөзден
Ал Air Astana компаниясы ірі авиатасымалдаушылармен бірге «Сүйікті әуекомпания» аталымында топ-10-ға кірді.
Шабыттандыратын және тартымды туристік бағыттар, саяхат саласындағы үздік сервистер мен қызметтер онлайн-дауыс арқылы айқындалды. Оған әлемнің түрлі елдерінен ниет білдірген адамдар қатысты.
«Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатының үздік бестігіне Өзбекстан, Албания, Катар, Әзірбайжан да кірді.
Айта кетейік, жыл сайынғы байқауды Ұлыбританияның беделді туристік басылымы Wanderlust журналы өткізеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір