• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:16:55
+12°

13 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

qamshy.kz

Париждегі «норманд төрттігінің» кездесуінен кейін «бұл келісім қаншалықты пайда береді»? деген әңгіме тағы да айтыла бастады. Ресми Киев бақылауда ұстай алмай отырған Донбасс аумағының шекаралық аймағына қабырға тұрғызуы мүмкін.

–Егер нәтиже шықпаса, бұл ең соңғы қадам болып саналады, – деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский  «1+1» телеканалына берген сұхбатында.

–Бұл –  «Б» жоспары. Бұл – ең соңғы әрекет. Бірақ мен бұл жоспардың орындалуын қаламаймын,– деді Владимир Зеленский.

Айта кету керек, Қауіпсіздің кеңесінің отырысында соғыс аймағына қатысты бірнеше жоспар қаралған. Қазіргі уақытта Украинаның Луганск мен Донецк облысының біраз бөлігіне ресми Киевтің билігі жүрмейді. Төрт жылдан бері мәселе шешілген жоқ. Осыдан бір апта бұрын «норманд төрттігі» шиеленіскен  жағдайды реттегісі келген. Бірақ ашығын айтсақ, "Минск келісімінің" өзі қазіргі президент Зеленскийге ұнап отырған жоқ. Минск келісімі бойынша Донбасс аймағы, атап айтқанда Луганск мен Донецк облысына  ерекше статус берілуі қажет. Бірақ мұның өзін ресми Киев жақтыра қоймайды. Қалай айтқанда да, Украина елдің шығысындағы екі облыстың біраз бөлігін қайтара алмайды. Осыны түсінген болуы керек, Парижден орала салысымен Зеленский Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізген.

–Жағдайды бұлай қалдыра беруге болмайды. Бірақ мәселенің шешімін табу керек. Әлі де соғыс. Адамдар өліп жатыр. Соғыс аймағы сызығына жағалай қабырға тұрғызу–  ең соңғы нұсқа. Бірақ бұлай еткен жағдайда біз Донбасс аумағынан айрыламыз. Бұл тығырықтан шығатын жол емес. Егер қабырға тұрғызатын болсақ, Луганск мен Донецк мүлдем басқа мемлекетке айналады. Сондықтан ең алдыменонда өмір сүріп жатқан адамдардың көзқарасын өзгертуіміз керек. Олар украиндықтан екенін сезіндіруіміз керек, –деді Владимир Зеленский.

... Бірақ қалай?!

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір