06 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар
Ангела Меркель қазақ әнұраны ойналған кезде неге орнынан тұрған жоқ? (видео)
Канцлердің бұл әрекетін қалай түсінуге болады?
Әлемнің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға іс-сапарына үлкен мән беріп жатыр. Тоқаев сапар барысында неміс кәсіпкерлерімен жүздесіп, канцлер Ангела Меркельмен де кездесті.
Бір қызығы, Қазақстанның әнұраны ойналған кезде Германия канцлері Ангела Меркель орнынан тұрған жоқ. Тек Тоқаев қолын әдеттегіше жүрегінің тұсына қойып тұрып Әнұранға құрмет көрсетті. Ал неміс канцлерінің орнынан тұрмау себебін қалай түсіндіруге болады? Бұл қазақ әнұранын құрметтемегендік пе? Жоқ олай емес!
Ақиқатын айту керек, бұл бірінші кездесіп отырған оқиға емес. Нақты айтсақ, үстіміздегі жылдың маусым айынан бергі халықаралық кездесулерде неміс канцлері әнұран айтылған кезде орындықта отыратын болып жүр. Қыркүйекте Қытайға, қараша айында Үндістанға барған сәтте де осы көрініс қайталанды. Бұл жағдай оның денсаулығына байланысты екені сөзсіз.
Ескерте кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын маусым айында Ангела Меркель Украина президенті Владимир Зеленскиймен, одан кейін шілдеде Финляндия премьер-министрі Антти Риннмен кездесуде Ангела Меркель жайсыз сезініп, денесі қалтырап, өзін әзер ұстағаны белгілі. Содан бергі ресми кездесулерде әнұран ойналған сәтте неміс канцлері орындыққа отырып жүр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір