14 Қараша, 2019 NEWS
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың "тапсырыс және аяқтан шалу" дегеніне қатысты пікір білдірді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Ешқандай тапсырыс болған жоқ. Тексеру барысында осындай болып шықты. Осымен нүкте. Бізге прокуратура жауап берген соң, біз сіздерге не істейтінімізді айтамыз", – деп Алик Шпекбаев журналистердің сұрағына жауап беруді.
Еске салсақ, Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат биыл қыркүйек айының соңында шықан болатын. Ал 27 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов бұл ақпаратты растады.
Қараша айының басында Бас прокуратура аталмыш қылмыстық істің тоқтатылғанынын айтты. Ал Мәнізоров жұмысына оралды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір