• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:39:59
Алматы
+12°

Алматы облысында азаматтық некедегі күйеуін оқтаумен ұрып өлтірді деген күдікпен 55 жастағы әйел ұсталды деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Кербұлақ ауданында болған. Сарыөзек ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, күйеуінің жан тапсырғанын айтқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер 1952 жылы туған еркектің денесінде көгерген-ісінген қанды жарақаттар барын анықтады. Тәртіп сақшылары қылмыс болған үйден кісі өлтіру үшін қолданылуы мүмкін оқтауды тапты.

«Үй иесі Кербұлақ ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ол отбасылық жанжал кезінде ішімдік ішіп, масайып алған күйеуін қолмен және оқтаумен сабағанын айтты. Қазір 55 жастағы әйел қамауға алынған. ҚР ҚК 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлім етті Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі. Қылмыстық істі Кербұлақ ауданының полицейлері тергеп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір