05 Маусым, 2013 Саясат
Марқұм Заманбек НҰРҚАДІЛОВ қандай адам болған еді?
Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы 1990 жылы 1-шілдеде құрылды. Осы қозғалыстың «Азат» атты басылымы – осы жылдың соңына қарай жарық көре бастады....
Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы 1990 жылы 1-шілдеде құрылды. Осы қозғалыстың «Азат» атты басылымы – осы жылдың соңына қарай жарық көре бастады. Қазақстандағы ең алғашқы тәуелсіз-саяси басылым – осы «Азат» газеті болды. Мен 1991 жылдың күз айларында жастардың республикалық «Жалын» баспасынан осы «Азат» газетінің бас редакторы, марқұм Батырхан Дәрімбетке орынбасар болып келе қалған едім (бұл турасында «Мен «Азатқа» қалай келдім?» деген деген әңгімемде толық баяндалған...). Алматы қаласының бірінші басшсы осы Заманбек Нұрқаділовке, оның орынбасары Виктор Храпуновқа, жалпы қала басшылығының атына небір уытты сыни мақалаларды жиі-жиі жазып жүретінмін. 1991 жылғы Тамыз (ГКЧП) оқиғасына байланысты Алматы қалалық атқару комитеті басшыларының, әсіресе, Артомонова деген хатшы әйелдің оппозициялық пиғылдағы «теріс ойлы» адамдар тізімін (ол тізімде «Азат» қозғалсы белсенділері бірінші тұр екен) жасағаны турасында мәліметтер алғанымыз тағы бар. Бір сөзбен айтқанда, біздің «Азат» газеті қала басшылығына қатты шүйлігіп алғанымыз тағы да өтірік емес болатын.
Оралдағы орыс-казактарының ұлтымызды басынуына байланысты, Семей полигоны, Семейдің бастығы Кешірім Бозтаев туралы, Павлодардағы Ермак ескерткішінің құлатылуы жөнінде, Н.Назарбаевтың мәскеушілдігі, Қазақстан тәуелсіздігін алғысы келмей, «Одақтық шарт» дегенді ойлап тапқаны, оның ГКЧП кезінде Нұрқаділовтың бірінші орынбасары В.Храпуновтың Мәскеу бүлікшілерін қолдап шыға келгені, Ресей президенті Б.Ельциннің Қазақстанға келуі, қойшы, әйтеуір, сол тұстағы ұлтты оятатын өткір мақалаларды «Азат» газеті әр саны сайын жариялап тұрды. «Азат» газеті – аз уақыттың ішінде республикаға танымал қазақ оқырмандарының ең басты басылымына айналып шыға келгені шындық болатын. Күн өткен сайын, «Азат» газетінің таралымы көбейіп, республика жұртшылығы сүйіп оқитын газет болып шыға келген. «Азат» азаматтық қозғалысының басшылары: Сәбетқазы Ақаттй, Михаил Есенәлив, Нұрбақыт Қойшыбеков, Марат Шорманов, Гүлжихан Биболдинова еді. Қозғалыстың үні - тәуелсіз саяси «Азат» газетінің сол жылдары қоғамды демократияландыруға қосып жатқан үлесі ұшан-теңіз еді (бұл турасында «Мен «Азатқа» қалай келдім?», «ГКЧП», «Азат» қозғалысы», «Семей полигонын кім жапты?»,т.б. мақалаларымда толық баяндағанымнан, бұл арада оларға үстіртін ғана шолу жасап отырмын...).
1991 жылы шілде айында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қабылдауында болғанымыз бар. Батырхан Дәрімбет, Шерхан Мұртаза, Уәлиқан Қалижан, орыс газеттерінің тағы екі редакторы - Оңтүстік Кореяның сол кездегі премьер-министрі Ро Дэ У-мен кездесуге қатыстық. Бір кезде Н.Назарбаев:
-Қонақтарға сұрақтарың бар ма?- деп, бұрылып, біз жаққа қараған. Шерхан да, Уәлихан да бірауыздан:
-Жоқ, Нұреке,-
Жоқ,Нұраға,- деп бастарын шайқады.
Тек Батырхан екеуміз ғана жарыса қол көтерген едік. Н.Назарбаев маған «сөйле» дегендей басын изеді. Мен:
-Нұреке, мына қонақ кісі Кореяны аз уақыттың ішінде Шығыстағы жеті айдахардың қатарына қостым деді. Мен сұрақты ол кісіге емес, сізге қойғым келіп тұр?
-Қой,-деді ол.
-Осы Оңтүстік Кореяның басшысы айтып отырғандай, Сіз Қазақстанды қашан Шығыстағы сегізінші айдахар қатарына қосар едіңіз?-дедім. Нұркең жұлып алғандай:
-Айналайын, аузыңа май, астыңа тай. Амандық болса, сол күнге де жетеміз. Тек, тыныштық болсын!- деп, орнынан тұра бастады.
Біз қайтайық деп тұр едік, президент:
-Сен, маған кір!-деді сұқ саусағымен біз жақты көрсетіп. Шерхан мырза:
-Нұреке, мені ме?-деді.
-Жоқ, сізді емес,-деді президент.
Уәлиқан Қалижан да:
-Мені ме?-деді.
-Жоқ,-деп ана кісі басын шайқады.
Сөзден тосылған Шерағаң мен Уәлиқан, ештеңені ұқпағандай, Батырхан екеумізге ожырая қарасты.
Президент өз бөлмесіне кіріп кетті. Біз енді кетейік деп тұрғамыз, Президенттің сол кездегі көмекшісі Нұртай Әбіқаев келіп маған:
-Жүріңіз,-деді.
Ана кісілер «бізді емес, қайдағы бір ешкім білмейтін оппозицияны қабылдағаны несі?» дегендей, бір түрлі ұнжырғалары түсіп кеткен еді. Нұртай мырза:
-Сіздер боссыздар, -деп айтты да мені ертіп, ішке кіріп кетті.
Мемлекет басшысының ат шаптырымдай бөлмесіне имене кіріп едім, төрде ол кісі отыр екен. Маған:
-Төрлет, жігітім,-деп, қолын көтерді. Мен ұзын үстелдің шет жағына отыра кеттім.
-Иә, сен, ана Батырхан екеуің «Азат» деген газетті шығарады екенсіңдер ғой. Сол газетте үнемі мені сынайды дейді. Сол, рас па?-деп маған қарады. Мен де:
-Рас,-деп қалдым.
-Рас болса, неге мені сынайсыңдар?
-Одақтағы барлық мемлекеттер өз тәуелсіздігін жариялап жатыр. Сіз болсаңыз, әлі Мәскеуден бірдеңе күтетін сияқтысыз. Біз сол туралы жазамыз.
-Солай де, қарай гөр өздерінің білгішін. Сендерден басқа адам ел болашағын ойламайды деп, сендерге кім айтты? Мен болсам, күндіз-түні осы елдің болашағын ойлап, шапқылып жүрмін. Ал, сендер мені сынайсыңдар. Бұл дұрыс емес,-деп ол кісі орнынан тұрды. Мен де орнымнан тұра беріп едім:
-Отыра бер,-деді ана кісі мағн қарай беттеп. Бір кезде менің ту сыртымнан келіп, екі қолымен иығымнан қатты қысып, ұстады. Қолы тастай екен, жанымды көзіме көрсетіп барады. Белім қайқаңдай бастап еді, ана кісі:
-Иә, кім күшті екен?-деді.
-Сіз күштісіз,-деген сөздің аузымнан қалай шығып кеткенін байқамай қалдым.
-Ә, бәлем, солай ма? Яғни, мен күштімін,-деп сөйлеп, қарсы алдыма отыра беріп:
-Қандай бұйымтайың бар?-деді. Мен:
-Ешқандай бұйымтайым жоқ,-дедім жұлып алғандай.
-Таяуда Түркияға ресми сапармен барамын. Бірге баруға қалайсың?-деді. Мен:
-Бас редактор Батырхан Дәрімбеттің барғаны жөн ғой. Айтпақшы, менің үлкенім Болатқазы сонда оқуда,-дедім.
-Ол қалай менен бұрын барған?-деп бетіме қарады. Мен үндемедім.
-Иә, сонымен бұйымтайыңды айтпайсың ба?
-Сол Түркиядағы балам, бір жылдан кейін оқуын бітіріп елге келеді. Соған пәтер жағы қалай болар екен?
-Болады. Нұртай, жазып қой,-деп орнынан тұрды. Біз хоштасып, тарастық.
Көп ұзамай, президент Түркияға жолға шықты. Президентпен бірге Батырхан кетті. Арада бір апта өткенде Ыстамбұлдағы балам Болатқазы маған телефон шалып:
-Әке, Қазақстан президнті Нұрсұлтан Назарбаев келіп, қасында екі күндей бірге болдым. Жақсы адам екен, маған көмектесетін болды,-деп қуанышын айтып жатыр. Ал, сол сапарда олармен бірге болған марқұм Батырхан Дәрімбет біздің делегаттардың кейбір өрескел қылықтары туралы маған айтып берген еді. Ол туралы кейін, арнайы жазатын боламын...
...Президентпен болған әңгімеден кейін, Заманбек аға мені сол тұстағы Алматы қалалық атқару комитетінің қазіргі ішкі саясат бөліміне қызметке алды. Менімен сөйлескен сол кездегі Зәкеңнің орынбасары Болат Нұрғазиев болды.
Мен қзметке келген осындағы ең қиын бөлім екен. Күнде митингі, күнде «чп» дегендей, бір орныңда байыз тауып отырғызбайды. Мұнда «анықтама-справка» жазу – ең басты жұмыс. Оған менің қолым тие бермейді. Менің жұмысымды негізінен бөлімдегі екі қыз: Фарида Қанағатова, Ирина Деева атқаратын, мен ылғи да сылтау тауып, үй көрмей, үнемі «митингілетіп» жүретінмін. Сол кездегі коллегия бастығы Сапура Жүсіпова маған:
-Жұмаш, сенің бір жапырақ қағаз жазғаныңды өмірі көрмеппін. Бұл не ғылған бітпейтін митингі?-деп таң қалатын. Негізінен қолымыз бос уақытты, қыдыруды – біздер «митингіге» жабатынбыз....
Виктор Храпуновқа Алмас Мұрзин атты бір жігіт көмекші болып келді, жатақханада тұрып келген ол үш айдың ішінде пәтер алды. Жоғары жақтың, атап айтқанда, президент аппаратының нұсқауымен мен де пәтер алуым керек болатын. Бірақ, бәрін біліп тұрып, Зәкең үндемейді. Бөлімдегі қыздардың айтуымен, өзім сонда қызметте жүрсем де, Зәкеңнің қабылдауына жазылдым.
Оның үстіне сол кездегі Алматы тұрғын үй басқармасының бастығы - Серік Сұлтанғалиев та Зәкеңнің алдынан өтуімді ұсынған.
Заманбек Қалабайұлының қабылдауына кірсем, онда Виктор Храпунов, Серік Сұлтанғалиев, Зағипа Балиева отыр екен. Зәкең бірден:
-Саған не керек?-деді қабағын түйіп. Мен:
-Пәтер керек,-дедім. Ол кісі:
-Саған осында қызмет істегенің аз ба?-деді. Мен:
-Ана кісінің өзі үй ал деп отыр ғой...
-Сен неге менен бұрын ол кісіге кірдің? Бар, сол кісіден ал! Мені ұмытты дейсің бе, «Азат» газетінде жүргеніңде «Нұрқаділов пен Храпунов жұмыстан кетсін!»- деп жазған сен емес пе?
-Иә, менмін.
-Бар, онда саған үй жоқ!
Осы кезде сөзге Алматы қалалық үй басқармасының бастығы Серік Сұлтанғалиев араласты:
-Зәке, байқайсыз ба, Жұмаш осында қызметке келгелі: «Зәкең кетсін!» дегендер тыйылды. Оның үстіне үлкен кісінің нұсқауы бар, Үй бергеніміз жөн сияқты?-деді. Бірақ, бір жағына қыңырайып алған Зәкең көнбей қойды.
Бір күні төменгі қабатта отыратын Алматы қалалық әкімдігінің іс басқарушысы Жұмасұлтан Көпжанов:
-Жұмаш, көңіл күйің жоқ қой, не болды?-деді. Бұрыннан сырлас ағаға барлық мән-жәйді түсіндірдім.
Сол күні Жұмасұлтан аға «Тараткадағы» біздің үйге келіп, таң атқанша, әлі алмаған пәтерімізді жудық. 1990 жылы «Азаттық» радиосынан берілген менің бір сағаттық «Зобалаң» атты дастанымды тыңдап, қатты әсер алған. Ол дастан 1986 жылғы әйгілі Желтоқсан қасіреті туралы болатын.
Ол кісі қайтарында:
-Саспа, бәрі реттеледі,-деді.
Бір күні сол Жұмасұлтан аға:
-Сенің 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісіне арналған «Азаттық» радиосынан берілген радиоинсценировкаңды Зәкеңе тыңдаттым, саған қатты риза болды. Өзіңе неше бөлмелі үй керек, шешімді өзің машинкаға басып бер, мен апарып, Заманбек Қалабайұлына қол қойдырып әкелемін. Қазір келінді шақырып, дастархан дайындай бер,-деді.
Айтқанын қолма-қол істедім. Шешімді алып, Жұма аға Зәкеңе кетті. Әкімшіліктің қасындағы «Юбелейный» дүкенінде жұмыс істейтін әйелім Шолпан келіп, жұмыс кеңсесінде дастархан әзірлей бастады. Арада екі сағат өткенде Зәкең қол қойған қағаз да дайын болды. Сөйтіп, қас-қағым сәтте пәтерлі болып, дүрілдетіп тұрып тойладық.
Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтіп жатты. Гагарин мен Кихтенко көшлерінің қилысында болашақ қауымдастық үйінің іргесі қаланатын болды. Соған белгі тас қойылып, соның салтанатты ашылу рәсімінде Нұрқаділов сөз сөйлейтін еді. Зәкең мені шақырып алып:
-Сонда сөйлейтін сөзімнің мәтінін дайында, үш-бес минуттан аспасын,-деді. Сөйлейтін сөзді отыра салып жазып тастадым да, көрсетуге Зәкеңе бардым. Ол кісі бір жаққа асығып тұр екен, мен әкелген қағазды оқыған жоқ, қалтасына сала салды.
Ертеңінде салтанатты жиналыс болатын жерге келген Заманбек Нұрқаділов:
-Сөзді жаздың ба, қайда?-деді. Ол қағазды кеше ол кісіге бергенімді айттым. Барлық қалтасын қарап шғып, әлгі қағазды әзер тапты-ау. Жиналыс басталып, Зәкең оқи бастады.
Баяндама: «Қанішер комунистік партия келмеске кетіп, дүниежүзінің төрт бұрышына тарыдай шашылған қайран менің бауырларым...» деп бастала беріп, Зәкең тұтығып қалды да, маған атып жіберердей, ала көзімен қарады. Дүниенің әр түкпірінен атамекенін сағынып келген қазақтар болса:
-Ой, өркенің өссін! Жаса, Заманбек балам!- деп алғыстарын айтып жатыр. Осы кезде топтың арасында тұрған, бүгінде марқұм Серік Есімбеков бар дауысымен айғайлап:
-Мынадай сөз Нұрқаділовтың аузынан шықпайды. Ол барып тұрған өзі айтқан қанішер коммунист. Мұны жазып берген дәуде болса, ана Көкбөрі. Бұл Көкбөрінің сөзі!-демесі бар ма.
Тағы да маған ала көзімен жеп жібердей қараған Нұрқаділов қолындағы мен жазып берген қағазды умаждап, умаждап анадай жерге лақтырып жіберіп, қағазсыз сөйлей бастады. Бағанағыдай емес, Зәкеңнің сөзінің берекесі қаша бастады.
Кешке қарай жұмыс бөлмемде отыр едім, Зәкеңнің Мұрат деген көмекшісі келіп:
-Жұмаш, сен не бүлдірдің? Зәкең қатты ашулы, «сені тап» деп жіберді,-деді.
Келсем, Заманбек аға бөлмесінде жалғыз отыр екен. Өңі өрт сөндіргендей ашулы:
-Әй, бағана сені Көкбөрі деді ме, нағыз ит екенсің. Тамам елдің алдында мені масқара қылдың. Білсең, мен нағыз коммунистпін, өлсем де коммунист болып өлемін. Сен неге партияны жамандайтын сөзді жазып бердің?
-Сіз өзіңіз жаз дедіңіз ғой?
-Жаз дегенде, мен саған солай жаз дедім бе?
-Қайдан білейін. Ана баспасөз хатшыңызға жаздырмадыңыз ба?
-Енді саған жаздырсам, Нұрқаділов атым болмасын. Бар, боссың!-деп мені бөлмесінен қуып шықты. Есіктің сыртында тұрған Мұрат көмекші:
-Әй, Жұмаш,тыныш жүрмейсің ғой,- деп қала берді.
Арада бірер күн өткенде Заманбек аға маған дүниежүзі қазақтары құрылтайына арналып, Алматы облысы Ұзынағаш ауданына қарасты «Дегересте» өтетін бәйгеге тігілген су жаңа «Жигулиды» сонда апаруды тапсырды. Бұл жөнінде Зәкең, ол кісінің орынбасары Болат Нұрғазиев, коллегия хатшысы Сапура Жүсіпова маған сенім артып жатты.
Ертелетіп жолға шықтым. Ұзынағаштан өте бере МАИ қызметкері тоқтатып, ана қалың ағаштың ішінде мені біреулердің күтіп отырғанын айтты.
Келсем, қалың ағаштың ортасындағы жасыл алаңға мол дастархан жайылыпты. Дастархан басында Нұрекеңнің үйіндегі Сара жеңгміз, Нина Хаюпова, Заманбек Нұрқаділовтың орынбасары Әсен Беспаева, Алматы қалалық сауда департаментінің бастығы Бибінұр Сылашқызы отыр. Әсен Сүлейменқызы:
-Сәке, бұл біздің әкімшіліктің қызметкері, қайныңыз Жұмаш деген жігіт,-деп мені таныстырып жатыр. Мен бұл әйелдерге қызмет көрсете бастадым. Бір кезде Сара жеңгеміз:
-Жұм аш, мынаны құйып жібер, жүруіміз керек,деп маған қарады. Мен ұзын мойын бөтелкедегіні әр адамға толтыра құйып жатыр едім, жеңгей:
-Сен, немене коньякты қалай құюды білмуші ме едің,-деді. Мен ұялып қалдым. Ең бірінші тост Нұрағаң үшін, екінші тост Сара жеңгеміз үшін алынып, біраз отырып қалдық. Анандай жерде мен бәйгеге апаратын су жаңа көлік тұр қаңтарылып. Жеңгелерім асығатын емес.
Қойшы, думнды топ әндетіп, дуылдасып, әзер дегенде жолға шықтық. Ат бәйгесі өтіп кетіпті. Мен Заманбек Нұрқаділов ағадан, Болат Нұрғазиев ағадан сөз естідім. Менің жанымды алып қалған Әсен Сүлейменқызы болды...
Сол жылдары ауылдан босқан қазақ жастары Алматыға келіп, қала маңында иесіз жатқан бос жерлерді басып алып жатқан. Және қалада бос тұрған иесіз пәтерлерді анықтап, Зәкеңнің нұсқауымен үйсіз-күйсіз жүрген қазақ жастарына беріп жатқанбыз. Сондай бір бос үй Гагарин мен Жандосов көшелерінің қилысындағы алты қабатты үй болатын. Соған үйсіз жүрген 49 қазақ жасына үй беретін болдық. Марат Мыңбаев деген құдам сәулетші еді, сол менің інім әрі оның күйеу баласы – Жеңісті үй алатындардың тізіміне кіргізіп жіберіпті. Мен қарсы болып едім, Марат тыңдамады. Інім Жеңіс үш бөлмелі үй алды. Және ол тыныш жүрмей:
-Қалалық әкімдіктегі ағам Жұмаш үй алып берді,-деп жалпақ жұртқа жайып жіберіпті. Бір күні тәңертең «Социалистік Қазақстан» газетін оқып отырсам, тура соның бірінші бетінде менің туған ініме кезексіз үй алып бергенім туралы жазылыпты. Мақала авторы Құдияр Біләлов деген. Шошып кеттім. Әлі өзім үй алмағанмын. Әйелім Шолпан ойбайлайтын болды деп қатты састым. Зәкеңе шақыртпай өзім бардым, ол кісі ол газетті оқымапты. Мәселені айтып едім:
-Жұмаш, оттағандар оттай берсін, ана мақала жазған журналист енді үй алмайды, бар, жұмысыңды істей бер,-деп шығарып салды.
Заманбек Нұрқаділов Ресейге көшіп жатқандардың үйлерін қазақтарға беру үшін арнайы шешім шығарды. Бірақ, жарты жылдан кейін ол шешім – біреулердің көрсетуінің арқасында заңсыз болып, күшін жойды. Бірақ, талай қазақ үйлі болды. Алматының түбіндегі «Шаңырақ», «Таугүл», «Алтын бесік» ықшам аудандары толығымен баспанасыз жүрген қазақ жастарына басыбайлы әрі тегін бөлініп берілді. Мұның бәрі ұлтын жанындай сүйетін Заманбек ағаның және оның орынбасары Болат Нұрғазив ағаның арқасы болатын. Заманбек ағаның қасында оның серіктері: Болат Нұрғазиев, Сапура Жүсіпова, Жұмасұлтан Көпжанов, т.б. тамаша азаматтар болды.
Жоғары жақтың жапқан жаласымен Заманбек Нұрқаділовты орнынан алатын болды. Мен М.Тәжжиннің айтуымен әрі көмегімен Қазақ телевизиясына бас редактор болып, қызметке ауыстым. Сол кездегі телевизия бас директоры Рафаэл Жұмабаев менің келгеніме қатты қуанды. Зәкең амалсыз оппозицияға кетті. Кейін, Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесіне депутат болды, Алматы облысына әкім, ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне министр болды. Сол қызметте жүріп, Н.Назарбаевқа ашық хат жазып, тағы да оппозицияға кетті. Мен де Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасынан оппозицияға қайтып оралдым. Өзім құрылтайшысы болған «Жұма-таймс» газетін шығардым. Алғашқы сандарына Зәкеңнен кең көлемде сұқбат алып, оны жарияладым. Жалпы, Заманбек ағамен өте жиі араласып тұрдым.
Зәкең түннің бір уағында, таң алдында телефон шалып, өзін толғандырып жүрген әңгімесін айтатын. Мен де әз ағаның айтқанын тыңдай беретінмін. Зәкеңді қазіргі билік бірнеше рет сотқа берді. Зәкеңнің сотта өзін ұстауы да тым қызық болатын. Баяғы әкім не министр сияқты судьяларды ықтырып алатын.
Бір күні сенбі болатын, Зәкең телефон шалып, өзін ұлттық қауіпсіздік комитеті шақырып жатқанын, соған мен, Бақытгүл Мәкімбай, Ермұрат Бапидың тез жетуімізді өтінді. Жарлық қатты, жан тәтті, тез жеттік. Бір сағаттай тостық, бір кезде Зәкең буы бұрқырап, іштен шығып келе жатты.
-Зәке-ау, мыналар сізді сорпалап жібергеннен сау ма, буыңыз бұрқырап, терлеп-тепшіп тұрсыз ғой?- деп Ермұрат әзілмен қарсы алып жатты.
Бір күні жұмыста отырсам, Зәкең телефон шалып:
-Жұмаш, сен дайын отыр, мыналар мені үйден тұтқындамақ. Өліспей беріспеймін, менде қару жетеді,-деді. Бірақ, ол күн тыныш өтті.
Тағы бірде таңғы алтыда телефон шалған Зәкең:
-Тез жет, шаруа бар, мына Алтынбек бірдеңені бүлдіргелі жатыр,-деді асықтырып.
Мен дер кезінде бара алмай, тым кеш жетсем Зәкең:
-Әй, осы сендерде тәртіп деген бар ма? Өзің қандай адамсың, айтқан сөзіңде тұрмайсың. Сендейлермен жұмыс істеу мүмкін емес,-деп бір сағаттай зіркілдеп, маған қатты ұрысты. Мен ішке кірген күйі сол қалпы түрегеп тұрмын. Зәкең маған ұрсуын қоймайтын болған соң:
-Зәке, сіз не айтып отырсыз? Мен сіздің қарамағыңызда жұмыс істемегелі қашан? Жазықсыз жазғыра бермеңіз!- деп, ол кісіні тоқтатып тастадым
-Ә, солай ма еді, кешір айналайын, менікі ағалық базына ғой. Отыр, бірдеңе ішесің бе? Қазір..- деп, анадай жерде тұрған тоңазытқышқа қарай жүгіре жөнелді.
Тағы бірде,ұмытпасам, президенттік сайлау алдындағы науқан болатын. Зәкең мені шақырып алып:
-Жұмаш, сен ана Жармаханға барып, жеке өзіне айт, мені де президенттікке түсірсін. Сайлау барысында анықталады, егер халық менің соңымнан ермесе, өзім орта жолдан шығып қаламын. Ал халық қолдамай жатса, Жармақан сөйтсін, бар,-деді.
Мен Жармахан Тұяқбайға келіп, оңаша сөйлесіп, Зәкеңнің сәлемін жеткіздім. Ол кісі бұны жалғыз өзі шеше алмайтынын айтты. Мен Зәкеңе оның айтқанын жеткіздім. Зәкең – бұрқ-сарқ қайнап-қайнап барып, буы басылғандай болды. Сосын біраз үндемей отырып-отырып, қолын бірақ сермеп, оппозициядан кететінін айтты.
Сол Жармахан Тұяқба
Bilal Quanysh
Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір