• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 19:38:00
Алматы
+12°

Елордада Алматы ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаладағы Алматы ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Т.М. Тілеуов пен «Лайн Групп» ЖШС және "Ақжайық Энерго" ЖШС директоры Б.К. Әбдиевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Т.Тілеуов Алматы ауданын жарықтандыруға қызмет көрсету бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шартта орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін Б.Әбдиевтен 5 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді", – делінген хабарламада.

Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Т.Тілеуов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен Б.Әбдиев пара бергені үшін сотталды және оған 71 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір