08 Қазан, 2019 NEWS
Жамбыл облысының полицейлері Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды аулаған браконьерлерді ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті басшысы Арман Оразалиев Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Биыл 6 қазанда түнгі уақытта Байзақ ауданының төрт тұрғыны "Нартай" құмды алқабында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрі - қарақұйрықтарды заңсыз атқан. Браконьерлердің "Тойота" маркалы автокөлігінен полиция қызметкерлері жануарлардың тушаларын тапты. Екі қарақұйрық - тіркелген қос ұңғылы аңшы мылтығынан өлтірілген, алайда аңшылардың аң аулауға рұқсат етілген құжаттары болмаған", - делінген хабарламада.
Осы дерекке қатысты Байзақ аудандық полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлімі бойынша (жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолдана отырып заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.
Күдіктілер ұсталып, аңшы мылтығы тәркіленді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір