20 Қыркүйек, 2019
Ғалымдардың пікірінше, жарты ғасыр ширегінде АҚШ пен Канада еліндегі құстардың саны 3 миллиардқа қысқарған. Қазір бар болғаны 2,9 миллиард құс тіршілік етуде. Енді жарты ғасырдан кейін жер бетінен мүлде жоғалып кету қаупі бар көрінеді.
АҚШ-тың Science журналында жарық көрген мақаланың негізінде ғалымдардың біразы мұның басты себептерінің бірі пестицид қолданудан деген анықтама берді. Пестицид дегеніміз - ауылшаруашылығын зиянды жәндіктерден қорғау мақсатында қолданылатын улы химикат.
Эксетера университетінің биолог маманы Кевин Гастон мұны «Бұл – табиғаттың құрдымға кетуі деген сөз», - деп бағамдады.
Құстардың жойылуына себепкер тағы бар факторлар: жабайы және үй мысықтары, құстардың биік ғимараттарға соғылуы және қуатты электр сымдарына күйіп қалуы сияқты тағы басқа жағдайлар.
Дереккөз: The New York Times
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір