20 Қыркүйек, 2019 Спорт
Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан балуаны Дәулет Ниязбеков еркін күрестен күміс медаль алып, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама жеңіп алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
65 килограмда сынға түскен Ниязбеков финалда ресейлік балуан Гаджимурат Рашидовқа бір минуттың ішінде 11:0 есебімен есе жіберді.
Ниязбеков алғашқы айналымда Чан Юй-Сюаньды (Қытайлық Тайпей) 10:0 есебімен, германиялық Александр Семисоровты 12:8 есебімен, ширек финалда моңғолиялық Темер-Очирин Тулганы 6:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда үндістандық, былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Баджранг Пуниядан (Үндістан) басым түсті. Бұл белдесу 9:9 есебімен тең аяқталды. Бірақ кездесу кезінде Ниязбеков төрт ұпайлық әдіс жасағаны үшін жеңімпаз деп танылды. Ал жартылай финалда Ниязбеков осы салмақтағы әлемдік рейтинг көшбасшысы Баджранг Пунияны (Үндістан) жеңген.
30 жастағы Қызылорда облысының тумасы Дәулет Ниязбеков 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ол үш рет Азия чемпионы атанған және 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан.
Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионаты 22 қыркүйекте аяқталады. Ниязбековтың күмісін бөлек, Қазақстан құрамасыда бір күміс, үш қола медаль бар. Күмісті грек-рим күресінен Қорлан Жақанша иеленсе, қоланы Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнақұлов (екеуі де - грек-рим күресі) және Валентина Исламова (әйелдер күресі) алды.
Бүгін еркін күресте Нұрислам Санаев (57 килограм) қола жүлдеге таласады. Ал ертең 70 килограмда күресетін Нұрқожа Қайпанов финалда белдеседі.
Соңғы рет Қазақстан балуандарының арасынан Армениядан келген лигионер Мхитар Манукян 1999 жылы Афинада өткен әлем чемпионатында Грек-рим күресінен алтын алған болатын. Қазақстан спортшыларының арасынан содан бері ешқандай балуан әлем чемпионатының алтынын алған жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір