19 Қыркүйек, 2019
https://egemen.kz - алынды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру мәселесі көтерілген болатын.
Бұл бастамадан кейін «Президенттік кадрлық резерв» деп аталған мемлекеттік жоба жүзеге асырылуда. Мақсаты - жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру.
Жоба жөнінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасының орынбасары Марат Дәуешев Primeminister.kz-ке берген сұхбатында: «Мемлекет басшысы резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиіс екенін айтқан еді. Іріктеуге түрлі салалардың өкілдері, түрлі кәсіп иелері қатыса алады. Олар міндетті түрде мемлекеттік қызметкер болуы шарт емес, квазимемлекеттік сектор, жекеменшік сектор, азаматтық қоғам өкілдері бола алады.»
Резервке қатысуға ниетті жастар 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.kz онлайн платформасында өтінім бере алады.
Үміткерлерге Қазақстан Республикасының азаматы болуы, жасы 35-тен аспауы, білімі мен жалпы жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы сынды талаптар қойылады. Іріктеу 5 кезеңнен тұрады.
Алғашқы кезеңде құжат қабылданады. Екінші кезеңге өткен үміткер өз қабілеттерін көрсету үшін тест тапсырады. Үшінші кезеңде эссе жазу арқылы қатысушы әлеуметтік маңызы бар деп танылған жоба ұсынады. Төртінші кезеңге өткен жастарды сарапшылық комиссия әңгімелесуге шақырады.
Соңғы кезеңде сарапшылық комиссия ашық дауыс беру арқылы Резервке үміткер тізімін жасап, оны қарастыру үшін Ұлттық комиссияға жолдайды. Іріктеудің соңғы кезеңі – қатысушылардың кандидатурасы кадрлық резерв жөніндегі Ұлттық комиссияда қарастырылады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір