08 Маусым, 2021 Фото-архив
Фото: bbc.com
Күдікті ретінде Натаниэл Велтман есімді 20 жастағы канадалық ұсталды. Оған адам өлтірді, адам өлтіруге оқталды деген айып тағылған. Бұл шабуыл Канада тарихындағы мұсылмандарға қарсы жасалған ірі шабуылдардың бірі деп танылуда.
Полиция дерегінше, құрбан болған адамдардың бар кінәсі олардың мұсылман болуында.
Қайтыс болғандар арасында 74 және 44 жастағы екі әйел, 46 жастағы еркек, 15 жастағы қыз бар. Полиция 9 жастағы баланың жарақаттары ауыр екенін, алайда өміріне қауіп төніп тұрмағанын мәлім етті. Жақындарының өтініші бойынша құрбан болғандардың аты-жөні жарияланбады.
Оқиға орнында қайтыс болғандарға арналып импровизациялық мемориал қойылды/фото: Reuters
Көптеген тұрғындар оқиғадан шок алған/фото: Reuters
Полиция қаза тапқандар мен күдікті арасында бұрын ешқандай байланыс болмағанын айтуда. Күдікті бұрын сотталмаған.
Канада премьері Онтарио Дуг Форд жағдайға алаңдаушылығын білдіріп, Твиттерде "Онтариода исламофобия мен мен исламды жеккөрушілікке жол жоқ" деп жазса, премьер-министр Джастин Трюдо жаңалықты естіп "үрейленгенін" мәлімдеген.
Қала мэрі де оқиғаға алаңдаушылығын білдіріп, қалада қаралы күндері екі күнге тулар түсірілетінін жеткізген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір