24 Сәуір, 2021 Фото-архив
Фото: qamshy.kz
Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда Демократиялық партия бастамашыл тобы мен оның жақтастары жер шетелдіктерге мүлде сатылмасын деген талаппен митингке шықты. Қамшы тілшісі оқиға орнынан фоторепортаж дайындады.
Митингке шыққандардың қолдарындағы плакаттарда "Қазақстанның жерін сатпаңдар", "Саңырау президент керек емес", "Орманды қазақ та өсіре алады", "Қытай, жерімізге көз салма", "Қытайға жер беру – ұлттық сатқындық" деп жазылған.
Алаңда полиция қызметкерлері мен арнайы санитар қызметкерлері болды.
Митингке шыққандар арасынан Демпартия өкілдерінен бөлек, журналист, белсенді Рысбек Сәрсенбайұлы мен режиссер Еркін Рақышев сөз сөйледі.
Шоқан Уәлиханов ескерткіші.
Республика алаңына қарай шерулетпек болған наразы топты арнайы жасақ әскерлері (ОМОН) бөгеді
Белсенділер Рысбек Сәрсенбайұлы мен Төлеген Жүкеев.
Митинг аяқталды. Сағат – 13:35.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір