• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 00:46:16
Алматы
+12°

24 Шілде, 2019 Барлық аймақтар

Заң жобасын талқылауда қаншалықты белсендіміз?

Мемлекеттің өзі заң жобаларының ашықтығын қамтамасыз етуге мол мүмкіндік жасап отыр.

 «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық». Бұл біздің Ата Заңымыздың 3-бабында жазылған. Сондықтан халықтан артық ешкім жоқ. Нақты айтсақ, заң алдында хан да, қара да бірдей. Әрине, тәртіпке бас иген құл болмайды. Біз де заңды сыйлауымыз керек. Заң бәрімізден биік. Сондықтан да заңға бағынамыз. Бірақ біздің түсінігімізде басқа нәрсе бар. Оны жоққа шығармауға тиіспіз. Ол не?

Атап айтар болсақ, Ата заңымызда бәрі атап көрсетілген. Адамның өмір сүру бостандықтары мен құқы және міндеттері. Сондықтан біз заңның аясынан шықпауға тиіспіз.

Бірақ заң жобасын жасайтындар тиісті мемлекеттік мекемелер екені сөзсіз. Тиісті министрліктер заң жобасын жасап, оны Мәжіліске ұсынады. Депутаттар  талқыға салады. Ұсыныстарын айтады. Ол Сенатқа өтеді. Ал халық ше? Мәселенің мәнісі осында: біз заң жобаларын талқылауға немесе оған өз ұсыныстарымызды  жасауда қаншалықты белсендіміз? Өз ұсыныстарымызды айта аламыз ба?  Дұрыс заңның қабылдануына мүдделіміз бе? Әрине, мүдделі екендігіміз рас. Заң – халық үшін.

Расында жыл сайын парламентте  көптеген заңдар қабылданып жатады. Мемлекет немесе үкімет оның ашықтығын да қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан аталған заң жобасына өз ұсыныстарын айтуға бәрінің де құқы бар. Бір ғана мысал, еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заңды қабылдау қажеттігін айтқан болатын. Міне биыл сол заң жобасы парламентте жатыр. Сарапшылардың айтуына қарағанда, аталған заң жобасын талқылауға қазақстандықтар белсене қатысқан. Жобаны  талқылау барысында халықтан 8 мыңнан аса ұсыныс түскен. Республика ұстаздарының өзі жобаны талқылауға айрықша белсенділік танытқан. Өйткені бұл жоба қабылданса, мүғалімдер қауымына зор мәртебе береді.  Өйткені бұған дейін қай жерде өткен игі шараларға болсын, науқандық жұмыстарға болсын, мұғалімдерді «жегу» әдетке айналып кеткен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та  «мұның мұғалімдерге аса қажет» екендігін қадап айтқан.

Аты айтып отырғандай, бұл заң мұғалімдерге қандай мәртебе береді?

  1. Заң қабылданып жатса, олар керексіз жұмыстарға қатысудан арылады.
  2. Олардың жүктемесі азаяды
  3. Ұстаз қадірлі, мәртебелі мамандыққа айналады.
  4. Олардың жалақысы өседі.
  5. Ұстаздарға шығармашылық демалыс беріледі.
  6. Еңбек демалысының мерзімі ұлғаяды

Демек, бұл заңның ұстаздарға берері көп. Ал біз бүгін Президент тапсырмасынан кейін қоғамда қызу талқыланған бір ғана заң жобасын тілге тиек еттік. Демек заң жобасын талқылауға және  өз ұсыныстарын беруге кез келген адамның құқы бар. Өйткені қазіргі таңда мемлекеттің өзі заң жобаларының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан заң бәрімізге ортақ болғандықтан кейін оны талқылауға, ұсыныстарымызды беруге  біз де белсенді болуымыз қажет.

 

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір