• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:40:15
Алматы
+12°

        

Әр адамның бір бас ауруы болғаны сияқты, әр елдің , әр мемлекеттің бір бас ауруы болары хақ. Мұндай бас аурулар біздегі кей адамдардың назарындағы "керемет демократиялы" делінетін,  "керемет тыныш"  делінетін батыс қоғамының өзінде де бар.  Мысалы, Испания үшін алғанда Каталан тәуелсіздік қозғалысы ең ұлкен бас ауру. Күн батпас империя болған Англия үшін Ирланд бөлшектеушілері бір үлкен бас ауру.  Ағылшын тілді Канада үшін алғанда Кубек өлкесіндегі франсуз тілділер бас ауру. Америка үшін алғанда,  ел ішінде, нәсілшілдік жіктеліс бас ауру болса, ел сыртында,  жаулап алған жерлеріндегі таусылмас, бітпес дау-дамайлар бас ауру. Жапон үшін Терістік Көрей бас ауру. Қытай үшін алғанда, Тибет, Ұйғыр, Тайуан бас ауру.....

Осылай жалғасақ,  кете береді, кете береді. Бас ауруы жоқ ел жоқ. 

Ал, бір елді  былықтырғысы келетін екіншы бір жау ел-жаңағы елдің жарасынан ұстайды. Жанды жерінен ұстайды. Оның жарасының бетін тырнап, оған тұз себеды. Осы арқылы іштен ірытіп, өз майына өзін қуырады. Қазыргі арабтардың басындағы қасiрет те осыдан басталды. Араб төңкерісін туиттер(https://twitter.com/) төңкерісі дейтыні де сонан.  Бір елді былықтырып, соншама қанның төгілуіне себеп болған, сан қаланың қирауына, сан үміттің өшуіне себеп болған, ең бастысы,  бостандықтағы елдің бодандыққа түсуіне себеп болған бұл туиттер деген не бәле еді, соншама? Анығында, ол ғаламтордағы әшейін бір қоғамдық желі құралы ғана еді. Бар болғаны оның араб тілді нұсқасы алдымен жасалынды да, араб жастары арасында кең таралды. Араб ғаламторшыларының өзінің дербес қолданатын осындай қоғамдық желісі болмағандықтан, Батыс күштерінің қолындағы туиттрге басы байланды. Ғаламтордағы осы басыбайлылық кесірінен, жаңағы туиттерде арандатушылық сипаттағы ақпараттар еш тидаусыз таратылды. Арабты арабқа қарсы  айдап салды. Жастарды билікке қарсы қайрап салды.  Билікті жамандап, құбыжық көрсететін мақалалардың көптігі бұл күнде бұл істердің барлығының  ту баста-ақ ұзақ уақыттық жоспармен жасалынғандығын дәлелдеп отыр.   Ғаламтордың өзінде орыстың Агенті мен Американың фейсбугіне басы байланып бара жатқан қазақ ғаламтор дүниесі дәстүрлі баспасөздегі орыстілді ақпаратқа бодандықтың қамытын қалыңдатып тұрып киіп алғанын көре аламыз. Ендеше, Туиттер төңкерісінен кейін, біздің ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІМІЗ, елдік, мемлекеттік бүтіндігіміз хақында ойландық па, ағайын? 

 

Ең алдымен Мысырлықтарға " Мысырлықтар араб емес" деген көзқарас сіңдірілді. Мысыр жастары өз-өзінен жеріне бастады. Mысырда дін исламға сенбейтін кәпір қауымдар да бар. Бірақ, сан ғасырлық сіңісу арқылы бұл кәпір қауымдардың тілі, өңі, түрі мысырласып кетіп еді. Кейбірі мұсылмандасқанымен, кейбірі сол өздерінің діндерінде қалған еді. Бірақ, бұлардың түрі, түсі, тілі мұсылмандардан еш айырмасыз болып кеткен еді. Тілі бір болса да, ділі бір болмағанның қандай болатынын осылар бізге анық дәлелдеп берді. Мысыр қоғамын былықтыруға осылардың қосқан үлесі зор болды. Мысырда Мүбарактың дарабилеушілігі болса да, ол кездегі Мысырда ел аман, жұрт тыныш еді . Өзін араб сезінбейтін мысырлықтар мен Мысырдағы исламға нанбайтын кәпір қауымы қоғамдағы рухани жіктелісті қантөгіске жалғастырды. Арабтардың өз қолымен өзін бауыздатып, өз майына өзін қуырған батыс күштері тып-тыныш бір елді осылайша оп-оңай былықтыра салды.

 

 

Испанияның кез-келген жерінен, үй қабырғаларына, қуыс көшелерге  шимайлап жазып тастаған " Каталан-Испаня емес" деген жазуларды көруге болады. Бұл Испандарыңыз  да соншама бір жауынгер ел болған еды ғой. Теңыздің бетін толтырған кемелерімен, Америка  құрлығын жаулаған қарақшыларымен даңқы шыққан емеспе еді?! Дәл  қазырдің өзінде Бразилия және бірнеше уақ елден басқа, тұтас Латын Америкаңыз осы испан қарақшыларының тұқымы. Жарты ғасырға жуық  бір Кастро өзі жалғыз  билеген  қызыл Кубаңыз да испан әулетінен. Чили, коломбия, Мексика, Аргентина,  Венесуала, Перу, Эквадор, Гуатемала, Доминика, Гондуарс, Боливия, Салвадор, Никарагуа, Парагуай, Коста-рика, Урагуай, Панама т. б барлығы осы бір ғана испан елінің тұқымы еді ғой. Бір испан тілінде сойлейтін осы елдердің ана отаны Испания еді. Бірақ, осы қуатты, бай испаняңыздың басын Каталандар ауыртып тұр. Еуро одақтың қорғауы мен қолдауы болмаса, Испанияңыз байағыда-ақ быт-шыт болар еді...

 

Демек, бір ел қаншалықты қуатты болса да, оның ішінен шыққан жау сырттан шыққан жаудан әлдеқайда қауiптi. Мейлі ол қаншалықты әлсіз әрі азшылық қауым болса да. Себебі,  сыртқы жау сол ішкі жауыңызды пайдаланады ғой....

Алматы көшелеріндегі көліктердің кейбірінде  желбіреп тұратын

"жоқ мемлекеттің туы" сынды Каталандардың да өз туы бар. Мемлекеті жоқ болса да, туларын уағыздап, жастарының санасына құйып, жанталасқан бір қауым осы Каталандар.  Батыс қоғамы демократиялы дегенімызбен де ол демократияның өз шегі, өз ұстанымы бар. Сол Каталондарыңыз бұл күнде түрі, түсі жағынан кәдімгі Испандардан еш айырмасыз қауым. Испаншаңызға судай. Испан мен Каталонды айыра алмастайсың. Бірақ, бөлшектенгісі келетін қауымға мұның барлығы маңызды емес. Себебі, ең басты нәрсе, ол жүрегінің терең түкпірінен өздерін ешқашан испан сезінбейді ғой.  Біздің түбі бір түркі кей туыстас қауымдарымыз да солар сияқты. Біз оларды мың жерінен бауырымызға басып,  басынан сипасақ та, олар өздерінің қазақ емес екендігін ұмытпайды. Мың жерінен оларды ақтап, жауырды жаба тоқып, олардың үй ішінен үй тікпек болған бөлшектеушілік пиғылдарын жасырып-жапсақ та,  мәселені шеше алмаймыз. Жасырғанымызбен, жапқанымызбен, зиян шегері өзіміз боламыз. Себебі, ауруыңды жасырғанмен, өлімің әшкере...

 

Былайғы ел-жұрт  Испанияны Мадрид арқылы, Барселено арқылы, Самаранчи арқылы, футбол арқылы, бұқа ойыны арқылы, латын биі арқылы таниды ғой. Сол Испанияңыз  кезкелген күні быт-шыт болып бөлшектеніп кетудің шақ алдында тұр. Анау-мынау емес, тек осы былтырғы, яғыни, 2012 жылдың 11 қыркұйегінде, 1714 жылғы Испан патшасы жағынан жауланып алынған Каталония мемлекетінің  бодандыққа түскен "қасірет күнінде",  Каталондар ереуіл өткізеді ғой. Испания үкіметтік санағында бір жарым млн. халық жиналса, каталондардың өз санағында екі млн халық ереуілге шыққан.... Ал, Каталондар мен Испандардың арасы қандай?! Тегі, бұлар қандай халықтар?! Үш ғасыр өтсе де, бір тілде сөйлесе де, бір мәдениет, бір менталитетте болса да, бұлардың ‹үй ішінен үй тіккісі келіп тұратыны› қалай?!

Бұл өзі ұзақ әңгіме. Қалай болмасын, сол каталоныңыз бен испаныңыздың арасы дәл қазіргі қазақ пен "Түбі бір түркі туыстас" болғанымызға қарамастан, Жетісуды жекешелегісі келетіндердің  арасынан әлдеқайда жақын, әлдеқайда етене. Түрі де, түсі де аумай қалған. Анығында, үш ғасырлық Испан боданында болған бұл ел-баяғының баяғысынан испандасып кеткен де. Біріне бірі қыз беріп қыз алысқан, біріне  бірі құйрық-бауыр асатысқан, бірінен бірін өлсең айыра алмастай кірігіп, бірігіп кеткен екі халық. Tегі де, ата-бабасы да бір. Туыс десең, туыс. Түбі бір десең, түбі бір.   Ең бастысы, бұл каталонды испандардың жаулап алғанына үш ғасыр болды. Испан тілін білмейтін каталон жоқ дерлік. Бірақ, бәрібір, осыншама  жақындықтар мен  қоғамдық-саяси,этникалық байланыстарға қарамастан, олар өздерін испан сезінбейді.  Барселонаны білмейтін ел жоқ. Бірі-саясатқа құмарлар болса, екіншісі допқұмарлар. бірақ, ел-жұрт осы атақты Барселеона жұртының осы Каталон халқы екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Бұл шаһарда атақты әлемдік арыстар да өтті. Жұмыр жердің барша тұрғынын шақырып, қазақша айтқанда, Алты Алаштың баласын шақырып, төңіректің төрт бұрышына сауын айтып, ат шаптырып ас беріп, ұлан-асыр той жасаған шаһардың бірі осы. Ия, Барселена осы каталондардың шаһары. Өзі небары 12 милион, қазақша айтсақ, он екі Жүз түмен ғана  жан саны бар каталондардың осындай бір мықты шаһары бар....Бұлардың тілі катала деп аталады, кей өңірлерде валеншия деп те  аталады...

 

Бір Испаняның  ғана емес,  бай, бақауатты , дамыған делінетін Францияның да басын қатырып отырған ЕТА деген ұйым бар. Ағылшынша іздеуіштерден "Basque Homeland and Freedom ETA"  деп іздеп қалыңыз. Өздерін Basque (Баске) деп атайтын бұл халық Испаня мен Францияның картасы ішіндегі өздеріне тәуелді болуға тиісті жерлерін біріктіріп, осы елдерден бөлек үшінші бір ел болуды армандайды. Бұл жолда олар біраз тірліктер істеді де....

ЕТА ұйымының дәмесі зор, мақсаты үлкен. Азуын айға білеп тұр.

Қазынасы қалың , әскері мол, қуаты мығым, тамыры тереңде жатқан  Францияның тұтас оңтүстігін кесіп алмақ. Франция  дегеніңіз де еуропа құрлығында ағылшындар мен немістерге дес бермей тұрған бір алпауыт қой. Қазірдің өзінде қару-жарақ жағында өз алдына бір бөлек жүйесі бар ел. Ешкімге ешқашан бір сүйем жерін тектен тек  бере қояйын деп тұрған жоқ.

ЕТА ұйымы онымен қоймай, Испанияның терістігін кесіп алмақ. Сосын, Испанияың терістігіне Францияның түстігін қосып, Баске деген халықтың дербес мемлекетін құрмақ. Міне, қандай арман! Міне , қандай фантазия!

Бірақ, бұл ұйым күллі еуропада қуғынға ұшырап тұр.  Әсіресе, Испания үкіметі бұларды қатты қысымға алып отыр. Тек, бір ғана 2010 жылдың бір өзінде, ұшбу ұйымның мүшелерінен 50 шақтысын жұмыр жер бойынша іздеу салып жүріп,  көкке шықса сирағынан, жерге кірсе шашынан жұлып алып, тауып шықты. Қолға алды. Қолына көзір, аяғына кісен салды. Азаттық аңсаған Баске арыстары бұл күнде абақтыда жатыр...

ЕТА ұйымының мүшелері 700 шақты ғана. Бірақ, олар елу жылдан берi тынбай күресіп келе жатыр. Анығында, олар қазіргі батыстық өркениет елдеріне төнген бір бәле болды. Франция мен Испаня осы ета ұйымы алдында кейде тым қауқарсыз күйге түсіп қалады. Лаңкестык әрекеттерден 800 шақты адам зардап шекті. Франсуздар мен испандар бірлесе отырып, ақыры осы ұйым мүшелерін зор көлемде тұтқындады. Олардың басшылары бір емес, бірнеше рет ‹қарулы күрестен бас тартқандықтарын› жариялағанымен, онысы сылдырдың суға жазған сертіндей ғана іс болды...

Мүмкын, осы ета ұйымын жасырын қолдап отырған бір елдер бар шығар. Әрине, мүлде жасырын күйде. Сыры бір Аллаһқа ғана аян.

 

Мұндағы жұртқа белгілі бір әңгіме бар. Ол-түбі бір түркі жұртының ішіндегі ең қуатты, ең алып ел-Түркияның бас ауруы болған Күрд мәселесі. Түрiктер-өз туыстарымыз. Сол Түркия жұртының шаңырағын шайқалтқысы келіп жүрген күрд деген халық бар. Қай бір жылы осы күрдтің Аужалан деген есерін түріктер ұстады.  Ирақты Америка әскері жаулап алғанда, Америка әскері алдынан қуанып, билеп шыққандар осы күрдтер еді. Қазір Ирақтың ішінде тұрып, дербес елдың салауатында. Бір есептен, Ирақтың түбіне осы күрдтер жетті.  Енді, Түркияны құртқысы келеді...

Бұл күрдтердің қолтығына су бүркiп, құтыртып тұратын елдер бар. Болмаса, қуаты күшты Түркия "ап" деп асап алса, жаңағы күрд олардың тамағына қылқан құрлы болмас еді. Түркияда түрікше білмейтін күрд жоқ. Олар да әбден араласып, құраласып, қыз беріп, қыз алысып кеткен қауымдар. Керек десең, діні бір. Бірақ, бәрібір, басынан сылап-сипап, ауызынан май ағызып, үлде мен бүлдеге орап отырсаң да, түбы шикі өз шикілігін көрсетеді. Болмаса, түрік мұсылмандары оларға жаман болмаған еді...

 

Адамзат тарихында, дәл қазіргі 2013 жылға дейін, ең соңынан дербес болған, ең жас ел қайсы ел?!

Бұл сұрағымызға көп ел бірден жауап береді. Олар-Шығыс Тимор мемлекеті. Бұл- Шығыс Тимор елін тілге тиек етіп отыруымыздың бір ғана себебі бар. Ол да қазақтың қамы үшін. Алаш баласына "жау жоқ деме, жар астында" демекпіз. Шығыс Тиморлар-өте, өте азшылық қауым. Бірақ, өз күшіне сүйеніп емес, батыс күштерінің жымсыма саясатының кесірінен, Индонезия елінен дербестеніп, бөлектеніп, өз алдына ту тігіп, өз алдына ел болды. Жұрттың барлығы білсе керек, Индонезия-мұсылман елі, ал, Шығыс Тиморлар-Рим католик дініне сенеді! Инденезия мен Малаизияның тегін қусаң-бір ел.  Олардың мұсылманшылығы мықты, елдері дамыған, бақауатты елдер еді. Мұсылмандардың бір өзгеше таңғажайып елдерін осы дін бауырларымыз құрып, орнатып отырған болатын.

Өкініштісы, осы Шығыс Тимор елінде 20 пайыз индонезиян халқы тұратынына қарамастан, Шығыс-Тимор батыс күштерінің қолдап-қуаттауымен дербес ел болып кетті. Мұсылман Индонезияны жақтайтын жақыны, одақтасы болмады. Християн-католик елдері қаржылай, әскери қолдау көрсетіп жүріп, бір кездегі өздерінің отарлауы арқылы католикті қабылдаған, шоқыншық Шығыс Тиморларды дербестендіріп жіберді. Қан төгілді, адам өлді, бірақ, күштінің арты тиірмен тартты. Индонезиян жұрты өз жерінен айрылды.

Ал, осы Шығыс Тиморлардың жан саны қанша дейсіз ғой?! Таңырқайсыздар. Бұлардың жан саны 2004 жылы біріккен ұлттар ұйымының санағы бойынша 780 мың ғана!  780 мың жан саны бар қауым өзінен әлдеқайда жан саны мол, қуатты елден бөлініп, дербестеніп, егемен ел бола алады екен. Өз күшіне сүйеніп емес, батыс күштеріне сүйеніп!  Қазақта "балғасы күшті болса киіз қазық жерге кіреді" деген сөз бар ғой. Сүйенген иесі күшті болды. Шоқыншық Шығыс Тиморлар 2002 жылы 20 Мамырда түнгі сағат нөлде дербес ел болды. Сөйтіп, біріккен ұлттар ұйымы жағынан мойындалған 193-ші дербес, егеменді ел болды. Олардың дербестену тарихы-таңғажайып. Австралия елі оларды төтеден төте қолдап отырды. Тіпті, бұл жердің Индонезия елінің жері екендігіне қарамастан, "бейбітшілікті сақтағыш" әскерлерін жіберді. Осының нәтижесінде мұсылман елі бөлшектенді де, су жаңа католик елі пайда болды.

Біз  мұнан бір ғана ақиқатты білеміз. Бір мемлекет үшін алғанда, оның ең әлсіз жері-оның жауларының оған қол салатын жері. Қаупің неден болса, қатерің сонан. Іштен шыққан жау жаман. Қандайда бір елдің ішінде, сол елден бөлектеніп, дербестенгісі келетін бір қауым болса, жаңағы елдің жаулары ең алдымен соларды қолдап шыға келеді. Мейлі, ол қаншалықты азшылық болса да.

Ия, тура сол сияқты, Жетісуды жекешелегісі келетін,  қазақстандағы кейбір алабөтен ойлы, ала көңіл ала тақиялы бес садыра сарт бізге қауіпті емес-ау. Жан саны жағынан болсын, ерлік-батырлығы жағынан болсын, мәдениеті жағынан болсын, олар -қазақтың теңі емес, теңі  бола да алмайды. Өз бастары төте келсе, олар қазаққа бұйым емес. Қауіптісі-олардың артындағы батыс күштері болып отыр ғой. Батыс күштеріне не керек?! Қазақ жері арқылы атажаулары Ресейды тұқыртқан керек. Мұнай мен газдан қысып, Қытайды тығырыққа тіреген керек. Ал, осының барлығы қазақ елінде бүлік тудыру арқылы іске аспақ. Жоспар осы. Ал, жаңағы бес садырамыз солардың атқан оғы, жаққан оты болмақ.

Әрине, біз -түркілік туыстасуға басы бүтін қарсы емеспіз. Мағжан атамыз алыстағы туысын аңсап өлең жазғанындай, алыстағы, жақындағы түбі бір түркі туыстарымыздың барлығымен тату-тәтті өтуге қазақ мұқтаж, Қазақия мұқтаж. Бірақ, осының барлығы да қазақ мүддесін алғы шарт етуі керек. Түркілк  туыстасу, бауырласу, одақтасу-ойдағы орысқа ой салғанға керек, қырдағы қытайға қыр көрсеткенге керек. Саясат дегеніңіз шахматтың тасы. ойынды ойнай білген жеңеді де, аңғалы ұтылады. Шахматтың тасына батырлық есқатпайды, ақыл есқатады.  Қазақтың мүддесін зияндай отырып немесе қазақты қанға бөктіре отырып әлдебір "етбауыр, бауырға, туысқа" бола отқа күюге дәл қазір қазақтың қауқары жоқ. Қазақ , алдымен қуаттанып алсын. Айналасындағы алпауыттар санасардай қалге жетсін. Орынынан нық тұрсын. Жер бетінде екі-ақ ұлт бар: Қазақтар және қазақ еместер. Қазақстанда да солай. Қазақстан-қазақтың елі.

 

Eндеше, егемен жас қазақ елiне кім жау, кім дос?!

Қытай дос па, жау ма?!  Орыс дос па, жау ма?!

Қытай қауыпті ме? Орыс қауыпті ме?!

Дінін тықпалап, қазақстанға дендей енгісі келетін  көршіміз Иран ше?! Қазаққа жат діни ағымдарды тықпалап жатқан "дін бауыр" елдер ше? Ата жау- мұңғұл ше? Іргедегі өзбек ше?! Маңғыстауда арманын құмға көміп кеткен түрікпен ше?! Қаспиден үмітті әзербаижан ше?! Оның сәл аржағындағы түпкі жау-қалмақстан ше?!....

тегі,  осылардың қайсысы жау, қайсысы дос?!

 

Анығында, ащыылап тұрып айтқанда, осы сұрақтардың барлығы бастауыш мектеп баласының сұрақтары, сәбидің сұрақтары. Мемлекеттің досы жоқ. Мемлекеттің жауы да жоқ. Кешегiөліспей беріспейтін ата жауымыз мұңғұлмен бүгін доспыз.  Алдыңғыкүнгіқұлымыз, кешегықожамызорыспенбүгiнтағыдаодақтаспыз. Тағдырсоғанмәжбрлептұр. Амалсызсың. көшіпкеткенгежұмыржердебосжержоқ.

 

Ендеше, мемлекет құрып отырған ұлт ретінде, біздің қазақтың әрбір жасы мынаны білгені абзал. Мемлекетте тек қана мүдде бар. Мемлекетте жау да, дос та болмайды.Мәңгілік жау жоқ, мәңгілік дос жоқ, тек, мәңгілік мүдде ғана бар. Ол- қазақтың мүддесі болуға тиіс.

qamshy.kz

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір