04 Тамыз, 2019 NEWS
Қарағандыда түрмедегі тұтқындар аштық жариялауда. Неге?
Айыпталушылар осы әрекеттері арқылы өздеріне қатысты қозғалған қылмыстық істі мойындамайтынын жеткізген.
Қарағанды облысындағы 159/5 колониясында жазаларын өтеп жатқан алты айыпталушы аштық жариялады. Олар осы әрекеттері арқылы өздеріне жала жабылғанын, қылмыстық істі мойындамайтынын жеткізген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Қазіргі уақытта бас көтерген айыпталушылардың бесеуі тамақ іше бастады. Ал біреуі тек су ғана ішіп, тамақтан бас тартып отыр", - дейді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүесі комитетінің баспасөз қыметі.
Сотталған азаматтардың жағдайы бірқалыпты. Колониядағы тұтқындардың жағдайы медициналық бөлімшедегі дәрігерлердің бақылауында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір