11 Шілде, 2019 Маңғыстау облысы
Қарақия ауданында жаңа туған сәбиге домбыра тарту етілді
Домбыра – қазақ елінің көнекөз шежіресі, ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Ал жаңа туған сәби – ұлттық құндылықтарымызды, атадан қалған мирас дүниелерді сақтаушымыз, жалғастырушымыз.
«Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков жаңа туған сәбиге қазақ халқының рухани азығы болып келген киелі домбыраны сыйға тартты.
Жетібай ауылдық ауруханасында аудан басшысы және ауыл әкімі, бөпенің анасы Халида Салауатқызына және дүниеге есігін ашқан сәбиге ақжарма тілектерін арнап, ұлттық аспап – домбыраны, гүл шоқтары мен құттықтау хат табыстады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір