29 Шілде, 2019 Әлем
Түрікменнің күштік құрылымдары күшейтілген режимге көшті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі hronikatm.com сайтына сілтеме жасап.
Осыдан біршама уақыт бұрын бірқатар орыстілді ақпарат көздері «25 шілде күні Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қайтыс болды» деген ақпарат таратқаны белгілі. Тіпті «Президенттің денсаулығы өте нашар» деген де қауесет шықты. Артынан оны теріске шығарып, кешірім сұрағандар да кездесті.
Бірақ көп ұзамай, елдің бүкіл қауіпсіздік жүйесі мен күштік құрылымдары күшейтілген режимге көшті. Соңғы екі-үш күннен бері елде тұтқындау шаралары басталып кетті. ХТ журналистерінің ақпаратына қарағанда, қазірдің өзінде қауесет таратқан үш адам қамауға алынған. Атап айтар болсақ, «Түрікментелекомның» бір қызметкері, су шаруашылығы мен Тұрғын үй кооперативінің бір өкілі абақтыға қамалып, тергеуалды жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, түрікменнің Президент әкімшілігі Мәдениет министрлігіне жалған ақпаратқа жол бермеу үшін оған қарсы күрес шараларын қатаңдатуды тапсырды. Елдің бірқатар эстрада әншілері мен өнер саласындағы майталмандар президент Бердімұхамедовтың ел алдындағы ерен еңбегін мақтауға көшті.
Қазір түрікменнің ақсақалдар алқасы тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, аркадаг, қамқоршы Президенттін мақтауға көшті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір