• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:19:08
Алматы
+12°

Алматы мәслихатының депутаттарымен кездесу кезінде қала әкімі Б.Сағынтаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші жартыжылдықтағы негізгі қорытындылары мен екінші жартыжылдықтың міндеттерін талқылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

VI шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысын мәслихат хатшысы Қалдыбай Қазанбаев ашты.

Бақытжан Сағынтаев

Кездесу барысында мегаполис әкімі Алматыны дамытудың бірінші кезектегі міндеттері мен бағыттары бойынша өзінің болжамдарымен бөлісті.

Барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша дамудың оң динамикасы сақталған. Мысалы, алты айдың ішінде алты базалық салалардың (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 104%-ды құраған. Инвестиция көлемі 8%-ға, өнім өндірісі 5,2%-ға, құрылыс 3,9%-ға, тұрғын үй салу 2%-ға өсті. Салық жинау 1 трлн теңгеде асып, 10%-ға ұлғайды. ШОБ субъектілері шығарған өнімдер 9,8%-ға көбейді. Жалпы, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім шығару (ЖӨӨ) кем дегенде 3,5%-ға өседі деп күтілуде.

Алайда, Б.Сағынтаев қалада шешімін күткен мәселелердің жеткілікті екенін атап өтті.

«Проблемалар бәрімізге таныс. Ол - лайықты жалақысы бар жұмыс орындарының жетіспейтіндігі. Бірінші кезекте қажет азық-түлік бағаларының өсуі, коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауы, тұрғын үйдің жоқтығы, экология, медициналық қызмет сапасы мен қоғамдық қауіпсіздік. Қалалықтар бізден әділ шешімдер мені тиімді іс-қимылдарды күтуде. Біз тура осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Жедел әрі жоғары жауапкершілікпен. Қала қоғамдастығымен ақылдаса отырып», - деп атап өтті Алматы әкімі.

Б.Сағынтаев мегаполисті дамыту перспективаларына тоқталды, мұндағы басты мақсат - қалалықтардың табыс деңгейін көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту.

Әкім Алматыны «Шетсіз қала» қағидасы бойынша дамыту қажет екендігін атап өтті. «Орталық пен шет аймақты дамытудағы дисбалансты жою қажет, бұл - принципті мәселе. Шеттегі адамдар орталық тұрғындары сияқты сапалы қызмет түрлерін алулары тиіс» - деп атап өтті Алматы әкімі.

Цифрларға көз жүгіртіп өтелік: соңғы бес жыл ішінде қаланың орталық аудандарының аумақтарын абаттандыру үшін 65 млрд теңге күрделі қаржы жұмсалған, ал шеттегілерге бөлінгені 15,5 млрд теңге ғана. Соның салдарынан шет аймақтар тұрғындары өмірлік қажетті инфрақұрылымдар – орталықтандырылған су, газ желілерінің, көше жарығының жоқтығын айтып шағымдануда. Мұндағы жолдың сапасы да төмен, автобус бағыттары жеткіліксіз.

«Жағдайды түбегейлі өзгерту қажет», - деп атап өтті Алматы әкімі.

«Біздің мақсатымыз - таяудағы үш жыл ішінде жағдайды түбірінен өзгертіп, қаланың шет аймағындағы өмір сүру деңгейін арттыру. Жұмыс орындарын құру, ескі үйлерді сүру, әлеуметтік нысандарды салу, абаттандыру, шағын және орта бизнесті ынталандыру бойынша ауқымды бағдарламалар әзірлеу қажет», - деп баса көрсетті Б.Сағынтаев.

Қала басшысының тапсырмасы бойынша аудан әкімдіктері 1 тамызға дейін жергілікті тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жедел шешу бойынша нақтылы жоспарларды әзірлейтін болады.

Б.Сағынтаев мегаполистегі орын алған проблемаларды шешу үшін бюджет саясатының тиімділігі артатынын атап өтті. Соның арқасында қаланы орталықтандырылған су, газ желілерімен, жарықпен толығымен қамтамасыз ету жоспарланған. Осы кезең ішінде аулаларды абаттандыру да аяқталуы тиіс.

Бұған қоса, алда қоғамдық көлікті жаңарту, оқушы орындарының жетіспеушілігін азайту, ПИК-тер мен басқарушы компаниялардың, қала әкімдіктері мен басқармалары жұмыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттыру міндеттері тұр. Сонымен қатар, БҰҰ ұсынысына сәйкес бюджеттің «халықтың қатысуы» механизмін енгізу жоспарланған.

Кездесу барысында мәслихат депутаттары Владислав Ли, Марат Абдуллаев, Ерболат Касымов, Ләззат Қалтаева, Кенжехан Матыжанов, Сергей Козлов және Мұрат Әділханов ұсыныстарын айтты және дамудың актуалды мәселелерін көтерді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір