• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 01:53:26
+12°

09 Шілде, 2019 NEWS

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласын қалай аралайтыны туралы айтып, ел арасында тараған қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

"Негізінде қаланы жиі аралаймын. Мені танымауы үшін не істеймін енді? Паранжа киіп жүрейін бе? Қаладағы шын мәнісінде жағдайы қиын аудандарды аралағанда, мені танып-танымауы маңызды емес. Керісінше, қала басшысының келгенін білуі тиіс: жол, канализация, тротуар проблемасымен танысқанын көргені жөн. Мексикалық әріптесіміздің тәжірибесі бұрыннан бар емес пе?! Баяғы заманда сұлтандар да жұпыны киініп, қаланы аралайтын болған", -  деп жауап берді Әбдірахымов киіміне қатысты сұраққа.

Бұдан бұрын БАҚ-та жазылғандай, мексикалық қала басшысы қарапайым киініп, қол астындағы қызметкерлердің үйсіз-күйсіз адамдарға қалай қарайтынын біліпті. Осы орайда Шымкент әкімі күнде болмаса да, велосипедпен жүріп тұратынын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір