Ол досына жіберген видеоүндеуінде абақты қызметкерлерінің зорлығына шыдамай, қолының қан тамырын кесіп, ішіне пышақ салғанын айтқан.
"Шерзод әлдекімдермен төбелесіп, бұзақылық үшін айыпталып, 277-баппен сотталып кеткен. Жұма күні абақты қызметкерлері оны қатты сабап, өз өміріне қол салуға дейін жеткізген. Ол қолының қан тамырын кесіп, ішін тілді", - дейді Усмановтың досы.
Өлкенің Жазаны атқару қызметінің өкілі видеода айтылған дәйектер расталса, сотталғандарды қинаған қызметкерлер жұмыстан алынатынын хабарлады.
Ташкенттік заңгер Одилбек Рахимбердиев абақты қызметкерлері "Адамды өз жанын қиюға дейін жеткізу" бабымен жауапқа тартылу керек деп есептейді.
Құқық қорғаушылардың мәліметіне қарағанда, Өзбекстанда сотталған адамдарды азаптаған қызметкерлердің дені жазадан құтылып кетеді. Көбінде үндеу жасаған жәбірленушілердің өздерін жазықты етіп қояды дейді.
Пікір қалдыру
пікір