• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 01:28:28
Алматы
+12°

01 Шілде, 2019 NEWS

Теңіздегі шу: Араб компаниясының басшысы Атырауға келді (видео)

Теңіз жұмыс кентіндегі дау үшін компания басшысы кешірім сұрады

"Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (ССЕР)" бас директоры Кауаш Хишам жағдайды реттеу үшін Атырауға келді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
 
Кауаш Хишамның әлеуметтік желілерде жарияланған бейне үндеуінде айтылғандай, ол Теңіз жұмыс кентіндегі ССЕР компаниясының қызметкерлері арасындағы жанжал туралы білген бойда, жағдайды реттеу үшін бірден Атырау облысына келді.
 
"Қайырлы күн! Мен Эли Даудтың іс-әрекеті үшін барлығынан кешірім сұрағым келеді. ССС басшылығы мен қызметкерлерінің атынан бұл ССС-дің саясатына, құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмейтін келеңсіз оқиға болғанын айтқым келеді.Мен осы оқиға туралы білгеннен кейін онымен арадағы келісім-шарт бұзылып, ол жұмыстан босатылды. Біз осы жағдайға қатысты толық ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды қабылдайтын боламыз. Қолымды жүрегіме қойып, ССС-дің өзінің бауырлас қазақтарға ерекше құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Мен болған жәйт үшін тағы да кешірім сұраймын. Осы оқиға туралы естіген бойда дереу Атырауға жағдайды реттеу үшін ұшып шықтым. Бүгінгі таңда Теңіздегі жағдай тұрақты, өлім-жітім, ауыр дене жарақаттары болған жоқ",- деді Кауаш Хишам өзінің бейне үндеуінде.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір