• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:14:46
+12°

Ішкі істер министрлігінің жол бойындағы стационарлық бекеттерді жабу жөніндегі шешімінің қала шеттеріндегі экопосттарға қатысы жоқ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

"Экопосттар қоршаған ортаның ластануын бақылау үшін қойылған, олардың санын қысқарту мәселесі қарастырылып отырған жоқ", - деп түсіндірді ҚР ІІМ.

Алматы қаласының шетіне қойылған экологиялық бекеттер ішкі істер органдарының стационарлық бекеттеріне жатпайтын болып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың мамыр айында ҚР ІІМ басшылығы жол бойындағы полиция бекеттерін қысқартуға уәде еткен еді. Ал маусым айының басында Алматы облысындағы Қапшағай тас жолындағы бекет жабылған болатын. Алдын ала айтылған деректерге сәйкес Қазақстанда тек 10 бекетті қалдырады. Оның төртеуі - Нұр-Сұлтан қаласында, екеуі - ШҚО-да, сонымен қатар Қостанайда, Павлодарда, Батыс-Қазақстанда және Солтүстік Қазақстанда бір-бірден қалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір