• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:18:55
Алматы
+12°

18 Маусым, 2019 Саясат

"Менің дауысым ұрланды": Қолына плакат ұстап шыққан студентті полиция қамауға алды (Видео)

Мәди Әбдіраманов Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің докторантурасында оқиды.

Николай Соловьевтің фотосы

Қолына плакат ұстап шыққан қостанайлық студентті полиция үш сағат қамауда ұстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Наша газета" сайтына сілтеме жасап. 

Қостанай қаласында 17 маусым күні облыстық әкімдік ғимараты маңында “Менің дауысым ұрланды” деген плакатпен студент пикет өткізген. Мәди Әбдірахманов сайлау нәтижесінің бұрмаланғанын айтып, жазуы бар плакатпен алаңға шыққан. ол алаңда екі сағат тұруды жоспарлаған. 

Николой Соловьев

Алайда, бес минуттан соң полиция қызметкерлері келіп, бірнеше сұрақ қойып, студентті қалалық бөлімшеге ұстап әкетті. Сондай-ақ, плакатта маусым айының басында құрылған #Оyan,Qazaqstan жастар қозғалысының аты жазылған хэштег те болған. Ол елде парламенттік республика құрып, демократияландыру үрдісін жалғастыруды көздейтін жастар қозғалысын қолдайтынын білдірді.

Мәди өткен түнде Атыраудан келген. Ол сол жерде байқаушы болғанын айтқан. 

"Мен поезде келе жатып, бүгін пикетке шығамын деген ойда болдым. Университеттегі таныстарым мен достарым бұл ойдан бас тартуымды сұрады. Олар жағдайды өзгерте алатындарына сенбейді. Өйткені олардың барлығы Қосановқа дауыс берді", - деп мәлімдеді Мәди Абдрахманов.  

 

Николой Соловьев

«Үш сағатқа жетпей босатты. Сондықтан хаттама толтырмай, жібере салды. Не үшін, қалай, қандай мақсатпен шыққанымды сұрады. Пикет тыныш өтті. Ешкімді оқудан шығарған жоқ, қызметтен кетірген жоқ», - деп айтты Мәди.

"Ендігәрі халықты осындай циркпен алдай алмайсың», - деп студент биліктің назарын аударту үшін осында келгенін айтады. 

Мәди биліктегілердің қысымынан қорықпайтынын және әкімшілік қамауда отыруға дайын екенін, айыппұл төлеуден де қашпайтынын мәлімдеді. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір