• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:14:46
Алматы
+12°

23 Сәуір, 2013 NEWS

Қажымұқан Ғабдолла. Мұхтар Шахановтың туының астына бірігуіміз керек!

Қазақтың біртуар перзенті Мұхтар Шахановтың әрбір бастамасының тамыры тереңде, мағынасы ұлттық мүддені жанұшы¬ра қорғауда жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, баяғы...

Қазақтың біртуар перзенті Мұхтар Шахановтың әрбір бастамасының тамыры тереңде, мағынасы ұлттық мүддені жанұшы¬ра қорғауда жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, баяғы мұңсыз қазақ пен орысшыл қазақ, батысшыл мен қытайшыл топтар Мұқаңның кез келген жаншырылына кірпідей жиырылып, қарсы шығуды дағдыға айналдырды.

Қазақтың бостандығы мен елдің егемендігі – ұлтымыздың есін жинатып, жарқын болашаққа жетеледі. Тіпті, республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты Мұхтар Шахановтың 2-3 тәулік көз ілмей, өз әріптестерін «Қазақ тілінің мемлекеттілігін» қолдауға үндеп, көндіруі де жас егемен еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылуға лайық.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақтардың бойында ұлтына, тіліне, елі мен жеріне деген шынайы сүйіспеншілік сезімдері оттай лаулап тұр еді. Мұқаңның Желтоқсан шындығы мен Арал қасіреті туралы кескілескен күресінің соңында, қай тілде сөйлейтіндігіне қарамастан, 10 қазақтың толық 9-ы қасқайып тұрған болатын. Мысалы, тап қазір Мәжіліс депутаттарының алдына мемлекеттік тіл мәселесі сол бір кезеңдегідей қатаң қойылса, қаншасы батылы барып, ұлтымыздың тілін қолдар еді?..

Меніңше, жартысынан басымы қалыс қалған болар еді. Неге десеңіз, еркіндіктің жиырма жылында біз «орысшылдық» дейтін ауруымызға – «батысшылдық» және «қытайшылдық» деп аталатын қос сырқат қосып алдық. Мемлекеттің қазынасын төгіп-шашқан «Болашақ» степендиясы иегерлерінің 70 пайыздан астамы шетелде мәңгілік қалып қойып, «батысшыл» болып кетсе; мұнайдың маңайындағылар «қытайшыл» болып шығып жатыр...

Сондықтан, Мұқаңның қарсыластары күн санап көбеюде...

Айталық, Мұқаң: «Қазақ тілінің нағыз мемле¬кеттілігін орнықтыру керек» десе, Петр Своик дейтін кешегі сәтсіз шенеунік, бүгінгі «Ресей¬дің Қазақстандағы тапсырыспен күн көрген саясаткерсымағы»: «Орыс тілі қысым көріп жатыр!» деп, байбалам салып, шовинист шо-ғырымен бөрінің артындай шулап шыға келеді...

Марқасқа Мұқаң: «Кедендік Одақ пен Еура¬зиялық Одақ дейтіндер бодандықтың қамыты» деген уәж айтса, своикшіл сайқалдар тағы да мұны «орысқа қарсы саясат» деп даурығады...

Дұшпанның құйыршығы, жаудың жансызы Петр Своикті білімі мен білігі кемел бірде-бір салиқалы саясаткер мойындап, сандырағына құлақ аспайды. Осыдан 11 жыл бұрын: «Бұрын Қазақстан әуелі Ресей империясының, сосын, КСРО-ның шекарасы жабық шеткері отары болды, ал қазір барлық Үлкен Ойыншылардың ашық отары», сосын, «Қазақстан отар ел болған, қазір де солай, отар бола береді де» немесе «Қазақстанда екі мемлекеттік тіл болуы керек», тағы да «Қазіргі қазақстандық заманауи мәдениетке қазақ-орыс қостілдігі сияқты маңызды элементті қосу керек» деген есерсоқ пікірсымақтары үшін Петр Своикті заң бойынша қатаң жауапқа тартып, Владимир Козловпен көрші қондыруға болады...

Қазақ Елінің еркіндігі баянды болуы үшін де, саяси-экономикалық пәрменіміз қуаттануы үшін де, қазақ тілі үстемдік құруы үшін де, шекарамыз берік те бекем қорғалуы үшін де, ең бастысы, ертеңгі күні балаларымыз бен немерелеріміз ешкімге кіріптар болмай, бостан жұртта бақытты ғұмыр кешуі үшін де күллі қазақ және әрбір қазақ – ұлтымыздың мыңбатпан мұң-шері мен мыңтарау мүддесін бар ерік-жігерін сарп етіп, қорғап-қолдаған Мұхтар Шахановтың туының астына бірігуі керек!

Әйтпесе, қазақтың әрбір қаласының кезкелген көшесін лас аяғы, былғаныш тілімен күлімсі сасытқан Своик сияқты сайқал саясаткерсымақтар қазақтың мүлт кетуін қалт жібермей, қадағалап отыр...

Осыны ұмытсақ – ұтыламыз!

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір