• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:50:19
Алматы
+12°

08 Маусым, 2019 Саясат

Ринат Заитов сайлау алдындағы қорытынды сөзін айтты (видео)

Ақын Ринат Заитов үгіт-насихат науқаны біткенін айтып, сайлау учаскелерінің басшылары, әкім қараларға сайлауды әділ өткізуге атсалысуға шақырды

Ринат Заитов сайлау алдындағы қорытынды сөзін жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Ассаламағалейкум, ардақты Отандастар, қадірлі бауырлар, ағайын, туысқандар, қарға тамырлы қазақ! Мінеки, санаулы сағаттардан кейін, бұйырса, сайлаудың үгіт-насихатын жүргізу тоқтатылады. Соның алдында Сіздерге айтар бір-ақ ауыз сөзім бар. Өздеріңіз айналаға ойланып қараңыздар. Қайсы сайлауда биліктің кандидатына қарсы кандидатқа осындай автошерулер ұйымдастырды? Қай сайлауда биліктің кандидатына қарсы кандидатқа қолдау жасап, дәл сол биліктің кандидатының жиынында біздің ақ жаулықты әжелеріміз сөйлеп, студенттеріміз тайсалмай, кеуделеріне өздерінің қалауларын жазып алып шықты? Енді ойланатын кез жетті, ағайындар. 

Ертең барлығымыз сайлауға барып, барлығымыз бақылаушы болып, барлығымыз өзіміздің ертеңіміз үшін күреспесек, біз үшін ешкім күреспейді. 

Ал қолдан сайлау жасап отырған сайлау учаскелерінің басшылары, әкім қаралар, барлықтарыңызға айтарым бір-ақ ауыз сөз. Күні кеше ғана Қазақстан Білім Министрлігінің орынбасары қамауға алынды. Оның алдында не болды? Екі премьер-министр сотталды, қаншама әкім, бастық, генерал сотталды? Демек, бұл қазіргі биліктің жүйесі өзінің де, өзгенің де адамдарын аямайды. Сондықтан өздеріңіздің болашақтарыңыз үшін, ертең ұрпақтың алдында қарабет болма үшін ешкімге дауыс бермесеңіздер де, мейлі, қалаған, кандидаттарыңызға дауыс беріңіздер. Бірақ сайлауды әділесткіз өткіземіз деп ықпал жасамаңыздар. Бұл елдің болашағы барлығымыздың қолымызда. Сондықтан, барлығымыз ертең сайлауда бет жыртыспайтындай, барлығымыз бір ағайын, туыстай болып, әділетті сайлаудың болуына атсалысыңыздар, құрметті ағайындар. 

Бұл— біздің таңдауымыз. Бұл —біздің болашағымыз.

Анау болды, мынау болды кезінде,

Деп айтумен бола бермес төзуге.

Сайлауға кел, ей, ағайын,

Ертең-ақ...

Өз ертеңің... өз ертеңің өзіңде... 

Өз ертеңімізді өзіміз қалайық, ағайын!"

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір